ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) пен Mitsubishi Corporation RtM Japan Ltd. компаниялары галлий жеткізілімдеріне қатысты келісімшартқа қол қойды. Топ маңызды минералдар саласындағы осы негізгі жобаны жүзеге асырғанда, ол Қазақстанның әлемдік галлий өндірісінде екінші орынға шығуына сеп болмақ.
«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытындағы өндірістік ерітінділерден галлий өндіру технологиясы – ERG Research and Development компаниясының өз әзірлемесі. Таңдалған бұл технология негізгі өнім – глиноземнің (бастапқы алюминий тотығы) сапасын арттыруға сеп. Әрі ерітіндіден құрамында бастапқы алюминий тотығы төмен, стратегиялық тұрғыда жоғары сапалы металл алынады. Галлий өндіретін учаске құрылысына құйылған инвестиция көлемі 12,5 млрд. теңгеден асып, 70 жұмыс орны құрылмақ.
Жаңа өндірісте жылына 15 тонна галлий алу көзделген. Алғашқы өнім 2026 жылдың бірінші тоқсанында қолға тимек. ERG бұл жобаны сәтті іске асырса, Қазақстан галлий өндіру көлемі бойынша әлемде екінші орынға шыға алады.
- Жолдауда Мемлекет басшысы сирек кездесетін металдар мен аса маңызды минералдардың маңызын баса айтып, олардың әлемдік өндіріс және сауда тізбектеріне еніп, орнығу қажет деді. Галлий – заманауи технологиялар, әсіресе электроникада кеңінен қолданылатын ерекше маңызды металл қатарына кіреді. Біздің жобамыз Президент жүктеген тапсырмаға сай. Галлий өндірісін іске қосып, Mitsubishi Corporation RtM Japan Ltd-ге жеткізу отандық кәсіпорындарды дамытып, стратегиялық ресурстарды бәсекеге қабілетті өнімге айналдыра отырып, Қазақстанның жоғарытехнологиялық материалдар нарығындағы позицияларын нығайта алатынын көрсетті,- деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы әрі Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.
ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда