20 Желтоқсан 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары аясында ERG жетекші жапон компанияларымен меморандумдар жасасты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) Hitachi және Mitsui конгламераттарымен өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумдар жасасты. Келісімдер озық технологиялар мен шешімдерді әзірлеу мен енгізу, декарбонизация және «жасыл» экономиканы дамыту жобаларын іске асыру, өндіріс қуатын жаңғырту мен жоғарытехнологиялық жеткізілімдер тізбегін дамыту сынды бірқатар ілкімді салаларды қамтиды.

ERG мен Mitsui & Co., Ltd. арасындағы меморандум бизнес мүмкіндіктерді бірлесіп зерттеу мен кең ауқымды бағыттар бойынша бастамаларды пысықтау, соның ішінде тау-кен байыту және металлургиялық жабдықтарды модернизациялау мүмкіндіктерін іздестіруге бағытталған. Орнықты даму мен терең өңделген өнімдер шығару жайы да қамтылды. Атап айтқанда ауыр тау-кен техникаларын  электрлі ету ету және күйдіру машиналарын жаңғырту арқылы олардың көміртегі ізін төмендету.

 ERG мен Hitachi Construction Machinery арасындағы меморандум перспективалық жобаларды бірлесе зерттеуді қарастырады. Бірінші кезекте карьерлерде кеңінен қолданылатын Hitachi EH4000 көлігінің күш қондырғыларын гибридті тәртіпте пайдалану үшін модификациялау, ERG-дегі тау-кен жабдықтары жұмысының тұрақтылығын арттыру қамында жасанды интеллект сынды цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыратын болады.

Тараптар халықаралық нарықтарға көміртегі ізі төмен өнімдердің жеткізілімдерін зерделеуге, жеткізу тізбектерін жетілдіруге, минералды ресурстарды сату мен қойма, кеден және тасымал инфрақұрылымын қамдаудағы ұзақмерзімді шешімдерді бірлесе зерделеуге уағдаласты.

Қол қойылған бұл меморандумдар технологиялық серіктестікті нығайту мүмкіндіктеріне жол ашты. Заманауи инженерлік шешімдерді тарту және өнеркәсіп пен энерготиімділік саласындағы жапонның озық тәжірибелері қолжетімді болады.

Кездесулер барысында қол жеткен нәтижелер жайлы  ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, бас директоры  Шухрат Ибрагимов былай деді:

- Бұл келісімдер ERG дамуының жаңа тармағының бастауы болады. Жетекші жапон компанияларымен серіктестік технологиялық модернизацияның қарқынын үдетіп, экологиялық таза шешімдерді енгізіп, қазақстандық өндірістің потенциалын кеңейтуге жол ашты. Біз бұл жерде тек Топ кәсіпордарына ғана емес, жалпы бүтін бір сала мен ел экономикасына сүбелі үлес қосатын бастамалар көріп отырмыз. Бүгін қол қойылған меморандумдар Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар – ерекше маңызды салаларды дамыту, елдің өнеркәсіптік егемендігін нығайту, заманауи әрі жоғары технологиялық өндірістерге көшу тапсырмаларына сай. Біз жапондық серіктестермен бірлескен жорбалар ұзақмерзімді, орнықты нәтижелер береріне сенімдіміз.

 ERG халықаралық серіктестермен өндіріс процестерін трансформациялауға бағытталған, көміртегі ізі мен маңызды ресурстардың халықаралық нарықтарындағы Қазақстанның позициясын нығата түсуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыра береді.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда