Eurasian Resources Group (бұдан ары – «ERG» немесе «Топ») негізгі металл нарықтарына өзекті болжамын ұсынады.
ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов: «Дамушы елдердегі индустрияландыру мен энергетикадағы ауысым қарқыны үдеген сайын мыс, алюминий, хром мен экологиялық таза болат сынды ерекше маңызды ресурстарға деген сұраныс тек арта береді. Содан ұзақмерзімдік құрылымдық тапшылыққа кез келеді. Осындай жағдайда, біздің компания өндіріс желісін жетілдіру қамындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Шығыстарды оңтайландырып, өндіріс қуатын барынша жүктеуге талпынамыз. Бұл Eurasian Resources Group өткен 2024 жылдың соңында қабылдаған жаңа стратегияның бір тармағы. Стратегия негізгі кәсіпорындарға инвестиция салуды қарастырады. Ол орнықты дамуды қамтамасыз етуде жаңа өндіріс цехтарын құруға, қосымша құны жоғары сегменттерге шығуымызға, бизнестің бірізді өсуіне сеп. Болашақтың экономикасына қажетті маңызды шикізат тауарларын сенімді жеткізіп тұру қамында компания жауапты инвестиция құю қағидаттарын берік ұстанып, инновацияларға ұмтылады»,- деді.
Негізгі қорытынды:
2025 жылдың басында жиі айтылған рецессия қаупі бүгінгі айтарлықтай бәсеңсіген. Жыл басында биржада сатылатын көптеген шикізат тауарлары, соның ішінде, әсіресе мыс қатты қысымға түсті. Себебі, инвесторлар «әлемдік экномиканың өсім қарқыны бәсеңдейді» деп күткен болатын.
Бұл қауіп алдымен мыс бағасынан байқалды. Осы орайда мыс бағасының динамикасын – экономикадағы ахуалдың индикаторы деп қарастыруға әбден болады.
Алайда, кейінгі кезде бірқатар шикізат тауарлары оң динамиканы байқатты. Бұл тек сұраныс пен ұсыныс факторлары ғана емес, әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың жақсаруына да тікелей байланысты. Мәселен, Лондон металдар биржасындағы (LME) мысқа үш айлық баға бенчмаркі 11 000 АҚШ доллары межесіне жетті. Бұл 2024 жылдың мамыр айынан бергі ең жоғары меже.
Мыс
Биыл LME (Лондон металдар биржасындағы) биржасында мыс бағамы айтарлықтай құбылып тұр. 2025 жылдың бірінші тоқсанында ол шамамен 11% өсті. Сәуірдің басында күрт құлдырап кетті. Бұған АҚШ әкімшілігінің жаңа тарифтік шаралар туралы жарияланымдары себеп болған. Сол сәтте ол тоннасына 9 800 АҚШ доллары межесінен күрт 11% төмендеп, бір тонна мыс 8 800 бағамына тоқталды. Кейін баға біртіндеп қайта өрлеп, бұрынғы межесіне қайта жетті. Бұған бірінші кезекте АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысының жақсаруы, нарықтағы ұсыныстың шектеулі екендігі, соның ішінде шалғайдағы кен орындарынан мыс жеткізілімдерінде үзілістердің бары да әсер етті.
2025 жылы әлемдік нарықтағы мысқа деген сұраныс өткен жылғымен салыстырғанда 2,4% өседі деп болжанған. Бұған жаһандық энергетикалық ауысу мен электр жүйелерін жаңғырту, электр желілерін тарту бастамалары септігін тигізбек.
Ұзақмерзімді перспективада (2025–2030 жылдар) мысқа деген сұраныстың жалпы орташа жылдық өсім қарқыны (CAGR) – 2,4% межесінде сақталады деген пайым бар. Бұған Қытай тарапындағы сұраныс пен Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қарқынды индустрияландыру ықпал етеді.
Әуелгі болжам бойынша 2025 жылы әлемдік нарықтағы мыс өндірісі 2025 жылы шамамен жылына 0,2% өсім көрсетеді деп болжанған. Тіпті, сұраныс қарқынына ілесе алмайды делінген. Қазір қалыптасқан геосаяси ахуал, экологиялық түйткілдер мен өндірістің солтүстік аймақтарында (Чили, Перу, Индонезия, Замбия) пайдалы қазба өндірісіндегі персоналмен қамдау түйткілдері бұрынғыдай өндіріс қарқынын төмендеуіне ықпал етеді. Одан бөлек, кейінгі жылдары мыс кен орындарын игеруде үзілістер жиілеп кетті. Бұл да өсім перспективаларына қатысты алаңдаушылық тудырып отыр. Алдағы 2026 жылы да мыс кен орындарынан шикізат жеткізілімдері жылдық сипатта 2% өсім береді деп болжанды.
Жалпы алғанда мыс нарығындағы тапшылық кемі 2027 жылға дейін сақталады деген болжам бар. Бұл құрылымдық тапшылықты өзгерте қоятын ауқымды инвестициялар құйылып жатқан жоқ. Сондықтан, осы онжылдықтың екінші бөлігінде тапшылық тек арта түсуі ықтимал.
Нарықтағы қазіргі консенсус мыс өндірудің жаңа жобаларын ынталандыру үшін ұзақмерзімді перспективада оның бағасы тоннасына 10 000 АҚШ долларынан қымбат болуын талап етеді.
Алюминий
2025 жылы алюминий бағасының әлемдік нарықтардағы өсімі былтырғы жылмен салыстырда 7% болды.
Ұзақмерзімді перспективада қарастыратын болсақ, алюминийге деген сұраныс болжамында оптимизм басым. Алюминийді тұтыну мөлшері елдегі экономиканың белсендігілімен тікелей байланысты. Әлемдік нарықтағы сұраныстың 70% төмендегі салаларға қажет: құрылыс, 23% көлік пен тасымал, 12% электротехника, 10% машинажасау саласында пайдаға жаратылады.
Болашақтағы алюминий бағасының өрлеуіне қарқынды ұлғайып келе жатқан бірқатар перспективалы салалар сеп болады. Соның ішінде жаңғыртымды қуат көздері (мәселен, күн энергетикасы). Ол салада алюминий болаттан кейінгі екінші орында қажет болатын металл. Электромобильдер нарығы, деректерді өңдеу орталықтары да аса жоғары қарқынмен дамып барады. Олар да бұрынғыдан жеңіл әрі берік материалдарға көшуге ынталы. Осы бағытқа экологиялық таза қаптама өндірісі де ұмтылады.
Алюминий әлі де болса, толық бағаланбаған актив деп санаймыз. Қазір бастапқы алюминий нарығында сұраныстан ұсыныс басым. Келешекте әлемдік нарықтағы осы құбылыс күрт тоқтап, біртіндеп ол керісінше ұсыныс тапшылығына ұласуы мүмкін деген болжам бар. Citi сарапшылары 2027 жылдан ары нарықта 1,4 млн тонна, немесе бастапқы алюминийі өндірісінің қазіргі көлемінің 2% межесінде тапшылық туындайды деп болжады.
Бұл болжамды мыс бағасының өсуі қуаттап отыр. BHP сарапшыларының пайымдауынша мыс пен алюминий бағаларындағы салыстырмалы сәйкестік 3,5–4 межесінде болуы ықтимал. Одан ары ауқымды көлемде мыс алюминийге алмастырылуы мүмкін.
Алайда, қысқа мерзімді перспективада сауда кикілжіңдерінің артуы мен жалпы өнеркәсіп өсімінің баяулауы сынды тенденциялар алюминий нарығына да қысым көрсетуі әбден мүмкін. Қытайдағы (Бүкіләлемдік банк, 2025 жыл) күн энергиясы саласындағы жаңа жобаларға берілетін субсидияларды алып тастау сындыкейбір елдердің саясаттағы күрт өзгерістері де осы факторларға қосылады.
Әрі осы кезде сұраныс өсімі деп баяулайды деп күтілуде. Бүгінде әлемдік алюминий өндірісінің 60% жуығын еншілеп отырған Қытай шеткі меже – 45 млн тонна деңгейіне таяп қалды. Бұл көрсеткішті осы елдің үкіметі 2017 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларын қысқарту үшін белгілеп берген болатын.
Тот баспайтын болат (феррохром)
Әлемдік ферроқорытпа нарығында құбылмалы динамика сақталып отыр.
Ферроқорытпа нарығындағы негізгі проблемалардың бірі Оңтүстік Африка Республикасындағы энергоресурстарға жұмсалатын шығындар мөлшерінің жоғары болуында. Оның үстіне қытайлық өндірушілер тарапынан бәскелестік бар. Жеткізімдер мен сауда саласында да шешілмей, қордаланып келе жатқан құрылымдық түйткілдер баршылық. Одан бөлек, бүкіл әлемде жеткізілімдер тізбегін әртараптандыруға деген қызығушылық тенденциясының артқаны анық байқалады.
Оңтүстік Африка Республикасынан өзге аймақта хром кенін өндіруге бағытталған жаңа бастамалар жоқтың қасы. Бұл нарықтағы ірі жобалардың бірі – ERG іске асырған «Болашақ» шахтасы. Әрі компания өндіріс қуатын арттырып келеді. Алайда, басқа аймақтардағы өндіріс көлемінің төмендеуі әлемдік нарықтағы тапшылықты одан сайын ушықтырып барады.
Хром кені нарығында құрылымдық тапшылық бар. Әлемдегі хром кені жеткізілімдерінің үштен екісін еншілеп отырған ОАР нарығында да ұсынысты шектейтін бірқатар факторлар айқын сезіліп отыр. Бұл қатарда логистиканың тиімсіздігін, жаңа инвестициялардың тапшылығын атап айтуға болады. Оның үстіне іске Оңтүстік Африка Республикасының билігі араласып, экспортты бақылау шараларын ұсынды. Электр энергиясына жеңілдетілген тарифтер беру бастамасы айтарлықтай оптимизм әкелгенімен, нарықтағы алаңдаушылықты тек арттыра түсті.
Қытай нарығында белгілі бір деңдейде оң трендтер байқалады: тендерлік баға биылғы жылдың басында құлдыраған бағамды қайтара алды.
Негізінде бағалардың бүгінгі деңгейі жаңа инвестицияларға ынталандыруы тиіс еді. Алайда, нарықтың бұған реакциясы тым сылбыр болып тұр. Нәтижесінде осы нарыққа қатысушылардың басым бөлігі хром кені бағасы келешекте өскен жағдайда ғана, салаға бағытталатын инвестиция көлемі артып, ұзақмерзімді перспективада ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі орнауы мүмкін екенін алға тартады. Оған дейін нарықта тапшылық сақталуы ықтимал. Бұған орнықты сұраныс пен ұсыныс тарапындағы шешілмеген түйткілдер кедергі келтіріп отыр.
Феррохром өндірісіне деген сұранысты арттыруға сеп болатын әлемдегі тот баспайтын болат өндірісі 2024 жылы 6,2% өсті. 2025 жылы өсім 2,4% дейін баяулағаны байқалды. Яғни нарық өткен жылғы қарқынды өсуден соң, биыл біртіндеп салқындап келеді. Алайда, сұраныстың негізгі ұзақмерзімді факторлары орнықты күйінде. Бұған урбанизация, орта кластың тұтыну мөлшерінің өсуі мен энергетика және химия салаларындағы өнеркәсіптің орнықты сұранысы сынды құрылымдық тенденциялар сеп болып отыр.
Қытай ішкі тұтынуға басымдық беріп, оны өсімнің стратегиялық негізі қуаты ретінде пайдалануға талпынады. Сол себепті де үкімет трейд-ин бағдарламалары бойынша ынталандыру шараларын жедел қолға алды. Оның үстіне, «тұтыну мөлшері мен үй шаруашылықтарындағы ішкі шығыстар көлемін ұлғайту» бастамасын жариялап, Үкіметтің 2025 жылғы жұмысына мұны басым бағыттардың бірі ретінде бегілеп берді.
Оның үстіне, 2025 жылдың 2 тоқсанында Қытайдың автокөлік нарығында 11% өсім байқалды. Бұл өндіріс қана емес, сатылым көлемінде де айшықталды. Көлік сатып алушыларды ынталандыруға бағытталған мемлекетік қолдау шаралары жалғасып жатыр. Бұл нарықтың сапасын арттырып, сатылымға жаңа өнімдер шығаруға ықпал етті. Оның үстіне тұтынушылардың сенімін арттырды.
Темір кені
Биыл темір кенінің бағасы тоннасына 100 АҚШ долларынан да төмендеген сәттер болды. Соңғы 2-3 айда құлдыраған бағам қайта орнына келгендей. Аса қатерлі сын-қатерлер іске аспағаннан соң, баға қалыпты ырғағына түсті.
Қытайдағы сұраныс артып келеді. Бұған инфрақұрылымды дамыту қамындағы ынталандыру шаралары сеп болып отыр. Алайда, осы нарықтағы маусымдық факторларды да ескерген жөн. Оның үстіне, таяуда АҚШ қытайлық тауарларға 100% баж салығын енгізетінін айтқанын да ұмытпаған жөн. Бұл темір кені нарығын қыспаққа түсіруі ықтимал.
Дей тұрғанмен, алдағы 2-3 жылда бағада өсім тенденциясы байқалады деп болжаймыз. Ірі өндірушілер тарапынан жеткізілімдерді ұлғайтуда кешеуілдеу болуы ықтимал. Жаңа 5 жылдық жоспар аясында Қытайда ынталандыру шаралары қолға алуы мүмкін. Оған қоса, дамушы нарықтардағы құрылыс пен инфрақұрылым салаларында болатқа деген сұраныс артуы әбден ықтимал.
Темір кенін өндіру саласындағы бірқатар ірі жобалар түрлі түйткілдерге тап болды. Соның салдарынан 2028-2029 жылдардан ерте жоспарлы қуатына шыға алмауы ықтимал. Осы орайда, Қытай өзінің ішкі сұранысын 5 жылдық жоспар арқылы қолдап, ұлғайтуы ықтимал. Бұл қатарда болатты ең ірі тұтынушылар қатарына жатқызылатын инфрақұрылымдық жобаларды айта аламыз. Оған қоса, Азия мен Таяу Шығыстың дамушы елдеріндегі болатқа сұраныс артады деп күтілуде. Алдағы жылдары бұл нарық салмақты әрі жоғары қарқынмен өседі деп болжанып отыр.
ЫБТ өндірісі жобалары бүгінде жіті назардағы стратегиялық қызығушылық тудырып отыр. Өйткені, нарықтағы жетекші компаниялар экологиялық таза болат өндірісінің инновациялы технологияларын енгізудің алғы шебінде болуға талпынады. Әрі декарбонизация бағытындағы жұмысты барынша жүйелі қолға алуға қамданып жатыр. Консенсус-болжамдар алдағы онжылдықтарда ЫБТ жыл сайынғы жиынтық өсім қарқынын (CAGR) 5–8% деңгейінде сақтайды деген болжам айтылады.