Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов

Бақылаушы кеңестің Төрағасы – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі

Лондондағы Еуропа бизнес мектебі мен Бейжің тіл және мәдениет университетін тәмамдаған. Шухрат Ибрагимов он жыл бойы ERG тобының бизнесі мен түрлі өндіріс салаларында тәжірибесін толықтырды. Нәтижесінде әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының бірінде еңбек етіп, технологиялық процестерді басқаруды терең меңгеріп, қаржы ағындары мен стратегиялық даму салаларында біліктілігін шыңдаған.

2015-2021 жылдары

ERG-дің бизнесті дамыту Департаментіне жетекшілік етті. Шухрат Алиджанұлы бұл қызметте өндірісті жоспарлау және тұтынушылармен арадағы серіктестікті дамытуды жауаптанды. Бұл салада Топтың бірқатар халықаралық және қазақстандық жобаларын әзірлеп, іске қосуға себепші болған. Бұл қатарда: Ресей және Қытаймен серіктестік, бүгінде кобальт өндіру көлемі бойынша әлемде екінші орынға шыққан Metalkol RTR кәсіпорны, ERG-дің Бразилиядағы BAMIN атты кіріктірілген ауқымды теміркені мен логистика жобасы бар.

2021 жылдан бері

Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің, Аудит жөніндегі комитет, Сыйақылар жөніндегі және Орнықты даму жөніндегі комитет, компанияның директорлары кеңесі жанындағы біріктіру мен жұту жөніндегі комитеттердің мүшесі.