Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Еуразиялық Топтың кеншілері, энергетиктері мен металлургтері жұмыс киімдері мен каскаларын сәнді концерттік костюмдерге ауыстырды

28.05.2018
Еуразиялық Топтың кеншілері, энергетиктері мен металлургтері жұмыс киімдері мен каскаларын сәнді концерттік костюмдерге ауыстырды

Астана қаласының 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына орай және Ақсу электр станциясының 50-жылдығы аясында өңірдегі Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының қызметкерлері «Екі жұлдыз» дуэттер сайысына қатысқан.

Бір әнді қосыла шырқаған екі жұлдыз. Үздіктер атағы үшін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, Павлодар машина жасау зауыты мен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері, сондай-ақ Ақсу қаласы шығармашылық топтарының әртістері қатарынан13 вокалдық дуэт сынға түсті.  

– Екі тамаша кеш сыйлағандарыңыз үшін сіздерге алғысымыз шексіз – деді сайыс қатысушыларына «ЕЭК» АҚ адам ресурстарын басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице – президенті Татьяна Носачева. – Бастысы бүгін қатысушылар арасынан сахнаға алғаш рет шыққандар мен кәсіпқойларды ажырату мүмкін болмады. Өндірістіктегі жұмысбастылығыңызға қарамастан дайындалып, тамаша өнер көрсеттіңіздер.

Сайыс екі кезеңнен тұрды: іріктеу айналымы мен ақтық мәре. Залда келушілердің жүзінен жылылық пен жанаршырлық байқалды: біреулері өзінің дарынды әріптестерін, достарын, таныстарын қолдау үшін келсе, біреулері еліктірерлік шоу көру үшін келген. Барлық көрермендер әрбір вокалдық жұпты ерекше қолдап, ду қол шапалақпен толқуларын жеңуге және өздерін шын жұлдыз тәрізді сезінуге көмектесті. Өнер көрсетулері ерекше және әсерлі болды, сондықтан қазылар алқасына жеңіпаздарды анықтауы да қиынға түсті. Дегенмен, олар қатысушылардың вокалдық қабілеттерін, дауыс үйлесімділігін, репертуар таңдау және орындау сонылығын, әртістік шеберлігін есепке ала отырып барынша әділ бағалауға тырысты.

Қазылар алқасының төрағасы Виктор Денисенко: «табыстың түп тірегі – бұл музыкалық шығарманы дұрыс таңдау, жұп дуэт ретінде қаншалықты үйлесімді көрінетіні және сахналық безендіру болып табылады»,– деді.

Сайыс нәтижесінде Ырысбек Қайыров және Наталья Боброва «Қазақстан Алюминийі» АҚ дуэты  үшінші орынға ие болды. Екінші орын Ілияс Мұратов және Виктория Шикунова «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ  дуэтіне берілді. Сайыс жеңімпазы Наталья Василевская мен Гүлнар Шүленова «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» болып табылды, оларға қомақты ақшалай жүлде табыс етілді. Барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар қазылар әрбір дуэтты арнайы аталымдар бойынша да бағалады.

– Біз осындай табысқа қол жеткіземіз деп ойламаппыз, - дейді Наталья Василевская . – Біз үшін ең бастысы сахнада 100 пайызға ән салып, бар өнерімді паш ету еді.  Біз дауысымыз үйлесімді екенін бірден түсіндік. Менің ойымша  позитивті ойлау жақсы нәтижеге жеткізді. Және алда тағы басқа сайыстар болатын болса, оларға міндетті түрде қатысамыз.      

Жаңалықтармен бөлісіңіз: