Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

«Қазхром» рекордтық көлемде хром кені мен ферроқорытпа өндіріп, 2017 жылы орнтықты дамыту аясындағы негізгі жетістіктерін паш етті

21.05.2018
«Қазхром» рекордтық көлемде хром кені мен ферроқорытпа өндіріп, 2017 жылы орнтықты дамыту аясындағы негізгі жетістіктерін паш етті

«Қазхром» ТҰК» АҚ («Қазхром» немесе «Компания») – хром құрамы бойынша әлемдегі ірі жоғарыкөміртекті феррохром өндіруші және Еуразиялық Топтың (Eurasian Resources Group, «ERG»  немесе  «Топ») еншілес кәсіпорны,  табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әртараптандырылған жетекші компания. 2017 жылы «Қазхром» рекордтық көлемде хром кені мен ферроқорытпа өндірді. Компания өз жұмыскерлерімен болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алуда жетістікке жетті және жергілікті қоғамдастыққа 57 млн.  АҚШ долларынан астам әлеуметтік инвестиция құйды. Яғни бұл 2016 жылғыдан 80% ұлғайды.

2017 жылы «Қазхром» шамамен 5,6 млн. тонна хром кенін өндірді (алдыңғы жылдан 15%  артық) және 1,6 млн. тоннадан астам ферроқорытпа шығарды (алдыңғы жылдың көрсеткішінен 8% артық). Феррохром тот баспайтын құрыштан қосындыланған және коррозияға төзімді болаттың әр түрін өндіруде қолданылады. 

Серік Шахажанов, «Еуразиялық Топ» ЖШС  Басқарма Төрағасы: «Біз 2017 жылдың жетістіктеріне мақтанамыз, өйткені біз хром кені мен ферроқорытпалардың рекордтық көлемін шығардық. «Қазхром» әлемдегі ұзақ мерзімді шығындардағы феррохром өндірісінің ең тиімді өндірушісі болып табылады және ең жоғары сапалы хром кенінің ең мол қорына ие. Бұл феррохромға өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қамтамасыз етеді», – деп атап айтты.

Өткен жылдың жетістігі өндірістің рекордтық көлемімен шектелмейді. Ең басты басымдық –  еңбек қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету. 2017 жылы «Қазхром» өз жұмыскерлері арасында  қайғылы жағдайға әкелетін бірде-бір жазатайым оқиғаны болдырмады.

Компания корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын кеңейте отырып,  өзінің қатысуымен өңірлерде жергілікті қоғамның тұрақты дамуына инвестиция құюды жалғастыруда.  2017 жылы әлеуметтік инвестицияның көлемі  57 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл 2016 жылдың деңгейінен 80% жоғары.

«Орнықты дамыу идеясы – біздің бизнестің негізі және маңызды жетістіктің белгісі. Сондықтан, «Қазхромның» жетістіктері үлкен мәнге ие. Біз өзіміз қатыса отырып, өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымдарды қолдайтынымызды мақтаныш етеміз және «Қазхромның» үлесі –  жергілікті қауымдастықты дамытуға бағытталған біздің инвестицияларымыздың бірден-бір көрсеткіші болып табылады», - деп атап өтті Серік Шахажанов.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: