Артқа

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – «Қазмарганец» кен басқармасының директоры қызметіне Абай Жақсылықұлы Нұрланов тағайындалды.

28.09.2023

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – «Қазмарганец» кен басқармасының директоры қызметіне Абай Жақсылықұлы Нұрланов тағайындалды.

Сондай-ақ, ол 2023 жылдың шілдесінен бері Топтың тағы бір кәсіпорны – «Жәйрем Марганеці» АҚ бас директоры қызметін атқаруды да жалғастырады.

Абай Жақсылықұлы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен ісі», «Техника және технология магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ жерасты жұмыстары учаскесінде тау-кен жұмысшысы болып бастаған. Одан кейін жерасты жұмыстары учаскесінде тау-кен шебері, шаңды желдету қызметінің шебері, ал 2012 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, 2012 жылдан тау-кен бөліміне тау-кен инженері болып еңбек етті.

2014 жылы Астана қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен бөлімінде жетекші инженер-жобалаушы болып жұмыс істеген. Бір жылдан кейін тау-кен басқармасының бас маманы атанды. 2018 жылы «Еуразиялық Топ» ЖШС тау-кен жұмыстарын жоспарлау инженері болып тағайындалды. 2022 жылдың маусым айында Алматы қаласындағы «АК Алтыналмас» АҚ үздіксіз жетілдіру департаментінде тау-кен жұмыстары бойынша талдаушы, әрі қарай инновациялық даму департаментін басқарған.

Абай Нұрланов «Қармаганец» кен басқармасында «Қазхромға» 20 жылдан аса ғұмырын арнаған Бағдат Жақбаевтың орнына тағайындалды. Компания басшылығы Бағдат Тілеубергенұлына ERG-де ұзақ жылдар бойғы қажырлы да нәтижелі еңбегі үшін шексіз алғыс айтты.