Артқа

Қазақстан президентін көрмеде ERG тарапынан «Мессалина» атты робот (жасанды жады) қарсы алды

09.06.2023

Қазақстан президентін көрмеде ERG тарапынан «Мессалина» атты робот (жасанды жады) қарсы алды

Астанада ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Экономиканың цифрлық трансформациясы» атты көрме ұйымдастырылған. Осы көрмеде ERG-дің (Еуразиялық Топ) Бас директоры Серік Шахажанов пен Бас директордың ақпараттық технологиялар және цифрландыру жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев озық ІТ-шешімдерді Мемлекет басшысына таныстырды.  

– ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымы үшін цифровизация – өсім драйверінен бөлек, бәсекеге қабілетті болу жолы,- деді таныстырылым барысында Серік Шахажанов. – Алуан түрлі қиындық, салдағы дағдарысқа қарамастан біз тек бүгінгі цифрландыру деңгейін қолдаумен шектелмей, оны ұлғайтуға барынша күш салып жатырмыз. ERG тек биыл цифрландыруға 45 млн доллар инвестиция құюды көздеп отыр. Алдағы 5 жылда 250 млн доллар инвестиция құю жоспарланған. 

Мемлекет басшысы төмендегі жобаларды жоғары бағалады:

«MES Metallurgy» өндірісті жедел басқару жүйесі. Ол өндірістік технологияларды басқарудың автоматтандырылған жүйесінен тікелей 5 мыңнан астам бастапқы деректерді жинап, жағдайды бірден бағамдап бере алады. ІТ мамандары бұл шешім негізінде «Мессалина» атты онлайн ассистент әзірлеп шыққан. Бұл жасанды жады базасына негізделген – прототип. Ол металл шығару процесін жақсартуға қатысты ұсыныстар әзірлейді. Басты мақсат – өндіріс процестерін онлайн режимінде басқару есебінен кәсіпорындардың өнімділігін арттыру.

Ақылды каска. ERG – Қазақстанда жұмысшыларға арнап «ақылды каска» әзірлей бастағандардың бірі. Шешім өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігін жасқартуға септеседі. Ақылды касканың прототипі жұмысшы орналасқан жерді анықтау жүйесі, касканы шешуды бақылау, жоғары кернеуді ескерту, мәліметтер мен суреттерді жолдау, SOS дабылын жолдау мен биометрикаларды бақылау сынды көптеген пайдалы қызметтерді қамтыған. ERG қазір Сommunications Kazakhstan вендорымен бірлесіп, аса қымбат тұратын шетелдік каскалардың бәсекеге қабілетті аналогын жасап шығаруға талпынды. Бүгінде қызметкерлерге арналған осындай каскалардың жаппай өндірісін қолға алу мәселелері талқыланып жатыр.

Корпоративті SmartERG месседжеріне кіріктірілген myERG сервистерінің экожүйесі. Қосымшада жұмыс тапсырмаларын орындау мен коммуникацияға қажетті ондаған пайдалы қызмет топтасқан. Мәселен, есеп-айырысу парақшаларын, кіріс поштаны, қолжетімді демалыс күндері, қажетті өнімнің қоймада бар-жоғын қызметкерлер өз телефондарынан қарай алады. Одан бөлек, маркетплейс арқылы қосалқы бөлшектер сатып алып, тың идеялар мен бастамалар ұсынуға болады. Бүгінде мұнда 100-ден астам сервис бар. Тіркелген пайдаланушылар саны – 59 мыңнан астам.

ERG-дегі цифрландыру ісін Топтың ІТ-құрылымы –  Business & Technology Services  (BTS) жауаптанады. Кейінгі жылдары BTS төмендегі бағыттарды қамтитын ондаған жобаны жүзеге асырды:

Топтың өндірістік кәсіпорындарының жұмысын оңтайландыру
Қызметкерлердің жұмысын жеңілдету
Талдау, саралау мүмкіндіктерін кеңіту
Цифрлық сервистер базасын қалыптастыру