Артқа

Ақсу энергетиктері электр жүйесінде қуат тапшылығын болдырмауға септесті

12.05.2022

Ақсу энергетиктері электр жүйесінде қуат тапшылығын  болдырмауға септесті

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының 250 метрлік №3 түтін құбырындағы қорғаныш қақпағының (бастиегінің) ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімінен алты күн бұрын аяқталды. Соңғы рет нысанда осындай жұмыстар 1998 жылы атқарылған.

Сәуір айында жүргізілген тепловизорлық тексеру нормадан ауытқуды көрсетпегеніне қарамастан, құбырындың басының буындарын толығымен ауыстыру ұйғарылған.

Қостанайлық «МехЛитКом» ЖШС құбырдың қорғаныш қалпағын төсеу үшін 116 шойын буын қойды. «ЕЭК» АҚ сызбалары бойынша дайындалған бір буынның салмағы – 50 кг асады. Серіктестік директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Александр Суходольскийдің айтуынша, мұндай тапсырыстар сирек түседі. Буындарды құюға төзімді, төмен көміртекті феррохромы бар шойын пайдаланылған.

Жөндеу жұмыстарын «ЕЭК» АҚ қызметкерлері қазақстандық «Тепломонтажспецстрой» ЖШС мамандарымен бірлесіп жүргізді.

– Жұмыстың ерекшелігіне байланысты мердігер ұйымның қызметкерлері буындарды және құбырдағы бетон ерітіндісін шығырға көтеріп, содан кейін құбыр жиегінің суланған бетіне бекітті. Бұл ретте құбырға көтерілуге орта есеппен бір жарым сағат және де одан түсуге осыншама уақыт кететін, – дейді «ЕЭК» АҚ электр станциясының ғимараттары мен құрылыстары жөніндегі менеджері Игорь Смағұлов. – Бұл ретте биіктікте жұмыс істеу факторы ғана емес, сонымен қатар ауа райы жағдайлары қатерлі болуы мүмкін. Жөндеу жүріп жатқан уақытта жел мен жаңбыр саябырсымады.

Станциясының №3 құбыры 1973 жылы пайдалануға берілген. Оның сыртқы диаметрі базада – шамамен 24 метр, ішкі диаметрі – 22-ден сәл асады; құбырдың жоғарғы бөлігі сәйкесінше 10 және 9,6 метрге дейін. Осылайша, қорғаныс қақпағының буындарын төсеу ені 40 см болатын құбырдың шетіне жүргізілді. Осыдан төрт жыл бұрын энергетиктер электр станциясындағы барлық  құбырлардың сыртқы бөлігін сырлап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Электр станциясы құбырларының бетон қаңқасы ішінде оқшаулағыш қабатпен, ал сыртында арнайы диатомды кірпішпен қапталған. Сөйтіп, шойын қорғағыш қалпақ үш қабаттан тұратын құбырдың бетін бекітіп, бұзылудан қорғайды. Құбырдың жоғарғы қабатына каустикалық қосындылар, ауа, жауын-шашын және температура әсерінен пайда болатын зиянды шығарындылар негізгі коррозиялық ықпалын тигізеді.

№3 түтін құбыры пайдалануға берілгеннен кейін №1 құбырда ағымдағы жөндеу басталды.  Бірақ, ол қалыпты жұмыс істеп тұрады. Жоба аясында алаңдарды, сатыларды, сылақ қабатын қалпына келтіру көзделген. Олар сырланып, жай тарту жйүесі жаңартылады. Айтпақшы, бұл құбыр №3 құбырдан 70 метрге аласа.