Артқа

Ақсу ферроқорытпа зауыты салынған күн қарсаңында жаңа газтазарту қондырғысы іске қосылды

18.01.2022

Ақсу ферроқорытпа зауыты салынған күн қарсаңында жаңа газтазарту қондырғысы іске қосылды

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты өндірісті экологиялық тұрғыда жаңғыртудын жалғастыруда. Кәсіпорынның 54 жылдығына орай, №44 балқыту пешінде қуатты газтазарту кешені іске қосылды. Жұмыс тиімділігі 99,9%-ке жететін жаңа жабдық атмосфераға шығатын қалдықтарды қармап қалады. 

18 қаңтарда Ақсу ферроқорытпа зауыты алғашқы балқытудың 54 жылдығын атап өтті. Бүгінгі таңда кәсіпорын – өз бағыты бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл ретте зауыт қуатын арттырып, жаңа технологияларды енгізіп қана қоймай, мұнда бірінші кезекте өндірістің экологиялылығын басты назарда ұстайды. Қазіргі таңда он газтазарту қондырғысы жаңартылды. Кезінде металлургтер №1 балқыту цехының тазалау жабдықтарын толық ауыстырса, енді төртінші цехтың жүйесін жаңалауға кіріскен. №44 пештегі газтазарту жабдығы  бұрын қайта құрылымдалған 41, 45 және 46 газтазарту пештеріне ұқсас етіп салынды.

– Біз өз балаларымызды қоршаған ортаның барынша жайлы болуын қамтамасыз етуге тиіс екенімізді жақсы түсінеміз,-  деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин. – Компания қатаң түрде белгіленген нормалар аясында жұмыс істесе де, біз ERG-дің өзге   кәсіпорындары секілді үнемі қоршаған ортаға тигізер кері әсерді азайту қамын қрастырамыз. Кәсіпорынның барлық балқыту пештері газтазарту кешендерімен жабдықталған. Алайда, қазір  заманауи және тиімді тазарту жүйелері пайда болып жатыр. Сондықтан біз газтазарту қондырғыларын жоспарлы түрде жаңартып отырамыз.

№44 пештің жаңа газтазарту кешені инновациялық тазалау технологиялары мен шешімдері саласында әлемдік көшбасшы саналатын «Siemens» (Германия) және «ZVVZ» (Чехия) компанияларының өнімдерімен жабдықталған. Кешендегі іске қосу жұмыстарына компания өкілдері қатысты.

№44 пештің газтазартуындағы сүзу беті алдыңғысынан екі есе үлкен. Бұл ең ұсақ шаңды да қармап алуға мүмкіндік береді, - деп толықтырды кәсіпорынның бас экологы Инна Давыдова. – Бұл жағдайда шаң жиналмай, агломерат өндірісіне қайтарылады. Осылайша, кәсіпорын бағалы кендерді ұтымды пайдалануға сеп болар тұйық технологиялық циклмен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар үйінділердің тозаңдануы да тоқтайды.

Зауытта газтазарту қондырғыларын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Биыл мұнда №42 пеш кешенінің құрылысы басталғалы отыр. Ал №4 цехтағы газтазарту жүйесін жаңғыртудың кешенді бағдарламасы №43 пештегі газтазарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін аяқталады.