Артқа

Қазақстан электролиз зауыты балабақшаларға арналған экологиялық білім беру жобасын қолдады

13.01.2022

Қазақстан электролиз зауыты балабақшаларға арналған экологиялық білім беру жобасын қолдады

«ЭкоҚұпиялар» атты бірегей оқу құралын  «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігі Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» («ҚЭЗ») АҚ-ның қолдауымен әзірлеп шығарды. Басылымның мақсаты – мектеп алды жастағы балаларға ойын арқылы оқыту әдісін қолдана отырып, экология негіздерін үйрету және табиғатты қорғау көзқарасын қалыптастыру.

Оқулық балаларды қызықтыратын тапсырмалар мен әсем суреттермен безендірілген жұмыс дәптерінен және танымдық қабілеттерді дамытуға арналған ойыннан тұрады. Сызу, бояу, сұрақтарға жауап беру мен қызықты экологиялық тапсырмаларды орындау арқылы балалар Павлодар өңірінің табиғатымен жақынырақ таныса алады.

– Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін бала кезден үйреткен жөн, – атап өтті «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Могилюк. – Ересек адамдарға күнделікті дағдылары мен өмір қалпын өзгерту қиынға соғады. Сол себепті біздің оқу құралымыз мектеп алды жастағы балаларға арналған. Оқулық арқылы біз бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста  болуға үйретеміз, олардың экологиялық ұғымдарын қалыптастырамыз.

Ұсынылатын «ЭкоҚұпиялар» үстел ойыны мен оқу материалында балалардың жас ерекшеліктері, психологиялық физиологиялық қабылдау мүмкіндіктері ескерілген. Ойын барысында бүлдіршін Павлодар облысының экожүйелерінде кездесетін орман, суайдындары және өсімдіктердің бірнеше түрімен танысады. Ойын шарты бойынша бала әртүрлі тірі организмдер бейнеленген текшелерді тиісті тіршілік ортасына қарай орналастыра отырып, нақты экожүйеге адамның қандай ықпалы тиетінің де бақылайды. Үш түрлі алаңнан тұратын бұл үстел ойыны сабақтың бес түрін және толыққанды 22 тақырыпты қамтиды екен. Осылайша тәрбиеші-педагог экология туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, қызықты формат арқылы табиғат сырларын ұғындыра алады.

– Біз туған өлкеміздің табиғатын қорғау, оған жастайынан жанашырлық сезімін қалыптастыру маңызын ескере отырып, бұл жобаны қолдауға шешім қабылдаған едік, - деп атап өтті «ҚЭЗ» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сарапшысы Әміржан Бакенов. – Экологиялық тәрбие беруге келсек, бұл инновациялық бағыт жас ұрпақтың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруына септігін тигізеді деген ойдамыз.

Методологиялық құрал мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар қауымына және білім бөлімшесінің өкілдеріне таныстырылды. Жаңа оқу жылынан бастап оқулық экологиялық тəрбие жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын болады.