Артқа

ERG-дің Қазақстандағы барлық кәсіпорындары жұмысын жалғастырып жатыр, жағдай бақылауда

08.01.2022

ERG-дің Қазақстандағы барлық кәсіпорындары жұмысын жалғастырып жатыр, жағдай бақылауда

Қазақстандағы қазіргі саяси ахуалға байланысты, ERG Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлер мен жалпы елдегі жағдай тұрақты, бақылауда әрі басқарылатынын хабарлайды. Бизнестің қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін барлық заңбұзушылықтардың алдын алу шаралары толық қолға алынған. Туындаған жергілікті түйткілдер мен ERG кәсіпорындарының жұмысына кері әсер тигізуге ықтимал факторлардың ықпалы барынша төмендетілді.  

ERG-дің ең негізгі басымдықтары алдымен – қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті қауымдастықтарды қолдап, бизнестің үздіксіз жұмыс істеуін қамдау. Осы орайда, компания өз стейкхолдерлеріне соңғы кезде Қазақстандағы ахзуалдың шұғыл өзгеріп, күрделеніп тұрғанына қарамастан, біздің кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп жатқанын хабарлайды. Ағымдағы барлық мәселелер мүмкіндігінше жедел шешіліп, ахуал бақылауда.

Митингтер салдарынан Дөң тау-кен байыту комбинаты мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысында туындаған уақытша түйткілдерді ERG мен «Қазхром» менеджерлері барынша шұғыл шешіп, бүгінде өндірістік процестер қалпына келтірілді.