Артқа

"Шұбаркөл көмір" АҚ кеншілері кәсіпорын құрылған күннен бері көмірдің 200 млн-ыншы тоннасын өндірді

24.12.2021

"Шұбаркөл көмір" АҚ кеншілері кәсіпорын құрылған күннен бері көмірдің   200 млн-ыншы тоннасын өндірді

Кәсіпорын үшін ғана емес республиканың тау-кен өндіру саласы үшін де аса маңызды рекордты ЭКГ №26 экипажы өндірді. Құрамында машинист Болат Ақшолақов, машинист көмекшісі Марат Муратов және автосамосвал жүргізушісі Базарбай Оспанов бар. «Запад» тау-кен цехының экскаватор бригадасы 200 миллионыншы тонна күлі аз жоғары калориялы көмірді өндірген.

– Бүгін «Шұбаркөл көмір» АҚ кезекті межеге жетті: Шұбаркөл кен орнын игере бастағаннан бері 200 миллион тонна көмір өндірілді. Біз өз рекордымызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз және осы жетістікке өз үлесін қосқан барлық әріптестерімізге, өз ісінің майталман мамандары мен ардагерлерге алғыс білдіргім келеді, - деді рекордттық көрсеткішке қол жеткізген қызметкерлерді құттықтаған "Шұбаркөл көмір" АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Сергей Ким.

Бұл көрсеткішке жетуге ұжымның нақты бекітілген жоспары мен бірлігінің Шұбаркөл мамандарының өз ісіне деген жауапкершілігі сеп болды. Тарихи сәтке қатысқандардың барлығы - "Шұбаркөл көмір" АҚ-да көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өз ісінің жоғары кәсіби мамандары.

– Біздің жетістігіміздің құпиясы – команданың бірлігінде. Біздің күшіміз бірлік пен тиімділікте. Мен әрқашан өз әріптестеріме   сенім арта аламын, - деді экскаватор машинисі Болат Ақшолақов.

2021 жыл «Шұбаркөл көмір» АҚ үшін айтулы жыл болды. Коронавирус инфекциясының жалғасып жатқан пандемиясына қарамастан, Шұбаркөл жұмысшылары жұмыла кірісіп, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті жаңғырту және тиімділікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырған. Осылайша, "Модулар" АСУ жүйесін енгізу тау-кен көлігі кешенінің тоқтап қалмай, айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік берді. Осыған байланысты автосамосвалдарды пайдалану коэффициенті бойынша 85,4% деңгейінде және ЭКГ маркалы экскаваторлар бойынша 58% деңгейінде рекордтық көрсеткішке қол жетті. Ағымдағы жылдың қазан айында кен орнын игеруден бастап 1,325 млн тонна көмір көлемінде ең жоғары айлық өндіру жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, қуаты жылына 400 мың тонна арнайы кокс, сондай-ақ жылына 72 000 тонна көлемінде көмір шайыры мен көмір майын шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Нысан импортты алмастыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды және республика экономикасын әртараптандыруға көшудегі маңызды буын болып табылады.

«Шұбаркөл көмір» АҚ – көмір өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі, белгіленген жоспарларды орындай отырып, сенімді қадамдармен дамып келеді. 11 айдың қорытындысы бойынша компания 11,3 млн тоннадан астам көмір өндірді. Кеншілер биылғы жылы 12,6 млн тонна көмір өндіру көлемін аяқтап, өткен жылдың көрсеткішінен 1 млн тоннаға артық өндіруді жоспарлап отыр.