Назад

Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңғыртылған №12 пеш пайдалануға берілді

27.07.2021

Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңғыртылған №12 пеш пайдалануға берілді

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытындағы 28 пештің бірінде жүргізілген күрделі жөндеу сәтті аяқталды. Бүгінде №1 балқыту цехының №12 пеші іске қосылып, өндірістік қуатқа ие болуда. Пешті қайта құруға жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 2,5 миллиард теңгені құрады. Жүргізілген жұмыстар агрегаттың өнімділігін арттыруға және өндірістің қоршаған ортаға тигізер кері әсерін азайтуға мүмкіндік береді. 

Пештің барлық құрылымы жаңғыртылды. Кәсіпорынның жөндеу қызметі өз күштерімен ескі пешті толығымен бұзып, орнына жаңасын орнатты. Пеш  металл мен электрлі зеңбірегі бар шөмішті тасымалдауға арналған жаңа шөміш арбасымен жабдықталған. Оның көмегімен балқытушылар пештің саңылауын ашады.  

– Пандемия кезіндегі қиын жағдайларға қарамастан компания  тұрақты түрде жұмыс істеуін жалғастыруда және металлургтердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, - дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин. – Жаңа қондырғылармен жұмыс қашан да тиімдірек. Сонымен қатар, әрбір күрделі жөндеу қоршаған ортаға түсетін әсерді азайту шараларын қамтиды. Пешке орнатылған заманауи автоматика температураны, қысымды және газды талдауға арналған заманауи қондырғылардың арқасында процестің экологиялық тазалығын арттырады. Және пеш жұмысында орын алған ақаулар туралы дер кезінде хабарлап, оларды уақытылы жоюға мүмкіндік береді.

Пештің барлық параметрлері компьютермен басқарылады және бір мониторда көрсетіледі. Бұл металлургтерге алдағы уақытта жұмыс режиміндегі жабдықтың жоспардан тыс тоқтап қалуларын одан әрі азайтуға мүмкіндік беретін кез-келген өзгерістер бойынша жедел әрі дұрыс әрекет етуге көмектеседі.

– Барлық жөндеу жұмыстары аяқталды, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі орынбасары Игорь Кулешов. – Құрылыс алаңының белгілерін сенімді және қауіпсіз түрде оқшаулай отырып, біздің мамандардың жұмысы үш деңгейде қатар жүргізілді. Сондықтан жөндеуді 68 тәулікте аяқтадық. Бүгінде пеш технологтардың қолына өтті. Қазір оның штатты жылыту жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпараттық анықтама: №12 пеш – Ақсу ферроқорытпа зауыты №1 балқыту цехындағы алты пештің бірі. Бүгінде мұнда ферросиликомарганец өндіріледі. Пештің өнімділігі – тәулігіне 115 тонна.