Назад

Eurasian Resources Group Ақтөбе облысындағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға биыл 2,9 млрд теңге жуық қаражат бөледі

13.04.2021

Eurasian Resources Group Ақтөбе облысындағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға биыл 2,9 млрд теңге жуық қаражат бөледі

Eurasian Resources Group (ERG) пен Ақтөбе облысының әкімдігі 2021 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара әріптестік туралы Меморандум жасасты. Маңызды құжатқа ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары – Топтың бақылаушы кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қол қойды.

ERG Меморандум аясында облыстың дамуына биыл 2,875 млрд. теңге бағыттайды. Әкімдікпен бірлесе отырып, ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарды дамытудың үшжылдық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. Одан бөлек, ERG әлеуметтік маңызды нысандар мен инфрақұрылым салу мен оларды жөндеу жұмыстарын, коммуналдық жүйелерді жаңарту, үйлердің сыртқы қасбеттерін қалыпқа келтіру, оқу орындарын жарақтандыру Ақтөбе және Хромтаудағы мектептер мен ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту ісін қаржыландырады.

Жилгородок мөлтек ауданындағы көпқабатты үлердің шатыры мен қасбеттерін жөндеу ісіне қайырымдылық көмек ретінде 540 млн теңге, осы мөлтек ауданда балалар алаңқайларын орнатуға тағы 100 млн теңге бөлу көзделген.

Оған қоса Меморандум аясында білім беру ісін қолдап, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, STEM зертханаларын орнатуға қаражат қарастылмақ. Хромтау қаласын абаттандыру ісі де қамтылған (коммуналдық техника сатып алу, спорт алаңдарын салу). «Берекелі бастама» және «ERG қаласы» байқауларының жеңімпаздары ұсынған жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Еуразиялық Топ жалпы құны 200 млн теңгелік сегіз автобусты қалаға сыйға тартпақ.

ERG Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде спорт пен мәдениеттің дамуына да ерекше көңіл бөледі. 2021 жылы Хромтау мен Ақтөбенің дене шынықтыру – сауықтыру кешендерін қаржыландыру жалғасады. Ақтөбедегі Металлургтер мәдениет үйі мен Хромтаудағы Мәдениет үйі де осы қатарда. 

– Біздің компанияға өз миссиясын берік ұстанып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету маңызды, – деп атап айтты ERG Директорлары Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлерге қамқорлық – тек біздің қызметкерлеріміз ғана емес, олардың жақындарының да тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыру кепілі. Осы орайда біз әлеуметтік инвестицияларымыздың тиімділігін арттыруға септесіп, бізбен бірге ауқымды жұмыс атқарып жатқан әкімдіктерге алғыс білдіреміз.

ERG осымен 17 жыл қатарынан Еуразиялық Топтың өндірістік кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды мен Павлодар облыстарының әкімдіктерімен жыл сайын әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келеді.