Назад

«Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры қызметіне Валентин Чихичин тағайындалды

12.04.2021

«Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры қызметіне Валентин Чихичин тағайындалды

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры қызметіне Валентин Чихичин тағайындалды. Осыған дейін аталған қызметті абыроймен атқарып келген Сергей Прокопьев «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі вице-президенті лауазымына ауысқан.

Валентин Чихичин Павлодар мемлекеттік университетінде «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 1985 жылы Ақсу ферроқорытпа зауыты №2 балқыту цехында бастды. 2010 жылға дейін ол  шебер, ауысым басшысы, аға шебер, инженер-технолог сынды кәсіби өрлеудің барлық сатыларынан өткен. 2011 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2013 жылдан бастап, «Қазхром» басқармасына ауысып, 2016 жылға дейін ферроқорытпа өндірісін техникалық дамыту департаментінде бөлім басшысы, кейін сонда бас технолог ретінде қызметін жалғастырады. 2016 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытына қайта оралып, 2019 жылға дейін директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, кейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының осыған ұқсас лауазымына тағайындалады. 2021 жылы еңбек жолы басталған кәсіпорынға қайта оралған.

Валентин Яковлевич «Қазхромның»  ферроқорытпа өндірісін жаңарту бғатындағы маңызды жобаларына қатысты. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (2017), ERG-дің алғыс хатымен (2019) марапатталған. «Қазхром»ТҰК» АҚ «Еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие.

Сергей Прокопьев Инновациялық Еуразия университетінде білім алып, «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығын меңгерген. 2012 жылы РАНХиГС (Мәскеу) Executive MBA дәрежесін алды. Ақсу ферроқорытпа зауытында табан аудармастан 15 жылдан астам уақыт табысты еңбек етті. Қызметін 2002 жылы зауыттың №1 балқыту цехында көрікші болып бастаған. 10 жыл өткен соң, алғашында өзі ыстық учаске шебері, аға шебері қызметін атқарған цехтың басшысы атанды. 2013 жылы өндірістік-техникалық басқарманың басшысы, 2014-2021 жылдар аралығында Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры қызметін атқарды.

Сергей Леонидович Ақсу қаласы әкімінің «Адам өмірін құтқаруда көрсеткен ерлігі үшін» грамотасымен (2014ж.) марапатталған. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне 2016 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен наградталды. ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» (2020 ж.) төсбелгісіне ие. Ұзақ жыл облыстық мәслихат депутаты болды. Оның бастамасымен Ақсу қаласында көптеген әлеуметтік жобалар жүзеге асырылған. Бүгінде ол өзінің білімі мен тәжірибесін «Қазхром» компаниясы өндіріс жөніндегі вице-президентінің маңызды және жауапты қызметінде қолдана алады.