Назад

ССКӨБ-тегі Сарыбай және Соколов кеніштерінің «екінші тынысы»

12.04.2021

ССКӨБ-тегі Сарыбай және Соколов кеніштерінің «екінші тынысы»

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кеніштердің қызмет ету мерзімін ұзартуда. Бұған кәсіпорын мамандары енгізіп жатқан жобалар септесті. Олар экологияға зиян келтірместен өндіріс көлемін ұлғайтуға, еңбек шығындарын азайтуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған.

 Осыдан бес жыл бұрын Сарыбай кенішінде шығыс беткей мен ішкі үйіндіні қайта құру басталды. Бұл жұмыстарға «Шығыс кен қойнауын пайдалану мақсатында Сарыбай кенішінің шығыс беткейін қайта құру. Ішкі үйіндінің көлемін арттыру» атты ұтымды ұсынысы түрткі болды. Бастамашылар – өндіріс жөніндегі вице-президенттің кеңесшісі Александр Сумин, техникалық даму және технологиялар бөлімінің бастығы Евгений Калюжный және тау-кен жұмыстары жөніндегі техникалық менеджер Ержан Әзімқалиев. Маңызды мақсат – ашық кеніштің қызмет ету мерзімін ұзарту.

Айта кетейік, терең деңгейжиектердегі жұмыстар 2019 жылы тоқтауы керек болатын. Бірақ қайта құру оны 2027 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік берді. Өндіріске 44,3 млн тонна көлеміндегі құрамында темір мөлшері жоғары кеннің қосымша қоры кірді. Оның өндірісі аршу коэффициентінің төменділігіне байланысты арзан.

– Бұл идеяны жүзеге асырудағы ең қиын сәт теміржол көлігінің схемасын қайта құрудың технологиялық шешімдерін іздеу болды, –  деді «ССКӨБ» АҚ техникалық даму және технологиялар бөлімінің бастығы Евгений Калюжный. – Кеніштің шығыс беткейіндегі тау-кен жұмыстары жүретін аймақтың минус 106 – минус 160 метр биіктіктерде ішкі кеніштік қоймаларды жер бетіндегі станциялармен байланыстыратын теміржол болды. Біз бұл мәселені ойдағыдай шештік, ал 2016 жылдың сәуірінде теміржол инфрақұрылымын шығыс беткейге ауыстыру қамында алдын-ала іс-шараларды өткізгеннен кейін, тау-кен массасын жөнелту жұмыстары басталды.

–160 метров деңгейжиегінде жүргізілген қайта құру ішкі үйіндінің көлемін қайта тиеу қоймасының орнын ауыстыру есебінен 12 млн текше метрге арттыруға мүмкіндік берді. Экономикалық тиімділік – 2 млрд теңгеден асады.

Он жыл бұрын, сәуірде, Соколов кенішінде өндіріс қуаттын сақтауға бағытталған жоба да жүзеге асырылды. 2011 жылы шығыс беткейде жоғарыдан бастап жер қыртысын ашу жұмыстары басталды. Осы уақытқа дейін шығарылған аршыманың көлемі 13,3 млн текше метрден асты. Тау-кен капиталды жұмыстарын қуатты бес тау-кен техникасымен атқарып жатыр. Кен өндіру 2023 жылы басталады. Кеніштің оңтүстік және батыс жақтарын қопсыту жоспарлануда. Бұл 38 миллион тоннадан астам темір кенін өндіруге мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан қайта құру кеніштің қызмет ету мерзімін 2034 жылға дейін ұзартады, оның жылдық өндірісі 4 миллион тоннаға дейін жетеді.

Кеніштердің қазыла бастағанына 60 жылдан асты. ССКӨБ-тің тау-кен инженерлері мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қоймада бірлестіктің барлық активтерінде өндірісті жақсарту және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту идеяларының резервтері бар.