Назад

Қоғамдық инфрақұрылымды қала тұрғындарымен бірлесе ойластыру үшін Ақсуда «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы басталды

06.04.2021

Қоғамдық инфрақұрылымды қала тұрғындарымен бірлесе ойластыру үшін Ақсуда «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы басталды

Сәуірдің 6-сы күні Ақсуда (Павлодар облысы) кейін қаржыландырылатын инфрақұрылым мен абаттандыру жобаларын қала тұрғындарымен бірлесе дайындауға септесер «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы іске асырыла бастады.  Бастама қала тұрғындары мен әкімдік, Eurasian Resources Group-ті (ERG) ортақ іске жұмылдырған. Олар бірлесе отырып, қоғамдық инфрақұрылымды дамытып, жаңа нысандар салу мен оларды жетілдіру түйткілдерін шешпек. Аталған шағын қалада ERG құрамындағы қос қуатты кәсіпорын – «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты мен «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның электр станциясы орналасқан.

Осы бастаманың арқасында Ақсу тұрғындары өздері мекен еткен қаланы абаттандыру жұмыстарының даму барысын өздері айқындайды. Ақсулықтар инфрақұрылымды өзгертуге қатысты өздері ұсыныс беріп, ең озық бастамаларды да өздері дауыс беру арқылы таңдай алады. Дауыс беру барысында «үздік» деп танылған жобаларды жүзеге асыру ісін ERG қаржыландырып, бастамалар 2022 жылы жүзеге асырылады. Жыл сайын ERG мен Павлодар облысы әкімдігі арысында жасалатын Меморандум аясында бұл мақсаттарға 80 млн теңге бөлінбек.

 «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы тек жаңа нысандар салумен шектелмей, қалада қазірден бар инфрақұрылымдық түйткілдерді де шешуге септесе алады. Туған қаланы түлету қамындағы бірлескен жұмыс болашаққа деген сенімді нығайтып, тұрғындар мен бизнес, әкімдікті ұйыстыра түседі деген үміттеміз.

Бұл тәжірибені ERG былтыр «Қатысу бюджеті» атты пилоттық жоба аясында Хромтау қаласында сынап көрді. Биылғы 2021 жылы бұл қалада абаттандыру қамындағы 13 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Ақсу қаласында бастаманы жүзеге асырылу барысын жобалық орталық – «Десента» қоғамдық қоры үйлестіреді. Жергілікті әкімдік, қала құраушы кәсіпорын, ERG мен белсенділерден құралған қоғамдық кеңес ұсынылған бастамалардың өміршеңдігін алдын ала бағалайтын болады.

Қала тұрғындарынан түскен бастамалар туралы толымды ақпарат пен үздік жобаларға арнайы порталда мына сілтемемен дауыс беруге болады

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерден біздің жаңалықтарымызға көз жүгірте жүріңіздер:  

Инстаграм: 

Одноклассники әлеуметтік желісі: 

Эл. пошта: berekeli-bastama-aksu@yandex.kz