Назад

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 2022 жылдың соңына дейін кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп тұрған цехтарды жаңартуды аяқтайды

01.04.2021

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 2022 жылдың соңына дейін кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп тұрған цехтарды жаңартуды аяқтайды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бірінші және екінші цехтарды қайта құруға баса назар аударды. Ол қатты қалдықтар шығарындыларын 30% азаятын жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Кәсіпорын басшылығы министрлікке компанияда жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың орындалу жағдайын баяндады. Балқыту цехтарын қайта құрудан бөлек, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тағы бір басым жоба бар. Ол – ферроқорытпа газындағы  утилизациялық электр станциясының құрылысы. Оның электр энергиясын өндіру қуаты шамамен 100 МВТ болмақ.

 - Мен бұл жобаның маңыздылығына назар аударғым келеді. Ауаға шығарылатын газдарды өндірістің электр энергиясына кәдеге жарату арқылы бір оқпен екі қоянды атуға болады, - деді кездесуде экология министрі Мағзұм Мырзағалиев. – Электр энергиясын өндіру және газды пайдалану тұрғысынан. Бұл жобаны біз Үкіметте қолдадық. Сондықтан сіздерден өтінерім, тезірек іске қосуларыңызды сұраймын.   

Компания қалдықтарды қайта өңдеу бағдарламаларына ерекше көңіл бөледі. 2019 жылғы сәтсіз тәжірибені ескере отырып, «Қазхром» қалдықтарды қайта өңдейтін бөгде ұйымдармен бірлескен жұмыстан бас тартты. ERG-дің барлық кәсіпорындарында қалыптасатын  қалдықтарға қатысты қызметтер циклін ұсынуға мамандандырылған ERG Recycling компаниясы құрылған болатын. Бүгінде ERG Recycling тікелей қатысуымен бірқатар қайта өңдеу мен және экологиялық  бағыттағы жобалар іске асырылды. 2021 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытында іске қосылған газтазартудағы шаңды брикеттеудің жоғары технологиялық цехы – соның айқын дәлелі. 

Цех айына 4 мың тоннаға дейін жоғары сапалы хром брикеттерін шығара алады. Компанияда қажеттіліктер туындағанда ілеспе өндіріс ретінде құрылыс материалдары (қабырға және іргетас блоктары) шығарылады. Тұрақтандырылған және қатпарлы қождарды қайта өңдеу жұмыстарынан жылына 200 мың тонна өндірілуде. 2019 жылы басталған Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тазартылған феррохромының қордаланған қождарын өңдеуді жалғастырады. Бұл  стратегиялық тапсырма. Өңдеу қарқына келетін болсақ, 2019 жылы – 50 мың тонна, 2020 жылы – 100 мың тонна қалдық өңделген. 2021 жылы қосымша 150 мың тонна өңделмек. ERG Recycling 2025 жылға қарай жылдық көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы жылдың өзінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытында қождардан металды толығымен алу және одан әрі бетон ерітінділері түрінде сұранысқа ие құрылыс өнімдерін шығарар қайта өңдеу кешенінің бірінші кезеңі іске асырылады. 

«Қазхром» жабдықтарды модернизациялау, қалдықтарды өңдеуден бөлек, шығын көздеріне шолу жасаудың автоматтандырылған жүйесін орнатып жатыр. Бұл кезеңде келісім жасалып, жоба алдындағы тексеріс басталды. Компанияның Ақсу, Ақтөбе және Хромтау қалаларындағы филиалдарының санитарлық-қорғау аймақтары шекараларында бақылаудың   автоматтандырылған жүйесін орнату көзделген. 2021 жылдың соңында осы заманауи жабдықты пайдалануға беру жоспарда бар.

– Сіздердің іс-шараларыңыз өте маңызды. Бүгінгі күні өкінішке орай, біз ірі  жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты теріс пікірлерді жиі естиміз. Ал оң мысаларды аз айтамыз, - деп экология министрі есеп беру туралы пікірін білдірді. – Мен бұл жағдайда «Қазхром» басшылығына ризамын. Біз өткен жылы зауыттағы кездесу кезінде 1 және 2 цехтарда жаңа сүзгілерді орнатуды жылдамдатуға келсікен едік. Қазір сіздер бұл жұмыс 2022 жылға дейін аяқталады деп есеп беріп отырсыздар. Енді сіздерде бір міндет тұр – барлық іс-шараларды тезірек аяқтау. Ал екінші сұрақ бойынша, тұрғындардан сіздер қалдықтарды жауапсыз мердігерлерге тапсырып, олар оны өңдемеген деген шағымдар көп болды. Содан соң мен осы шығарындыларды өздеріңіз алып, залалсыздандыруларыңызды өтіндім. Менің білуімше, сіздер қазірдің өзінде үш компанияның екеуімен жұмысты бастап, нәтижесінде мәселе шешілді.

– Біздің қоршаған ортаға қамқорлығымыз тек өндірістік қызметпен шектеліп қалмауы керек деп санаймыз, - деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. – Біз әрқашан сұхбатқа даярмыз, қоғамды толғандырған сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Желтоқсан айында зауытқа әлеуметтік белсенділерді, блогерлерді және бұқаралық ақпарат құралдарын шақырып, өндіріс процесін көрсеттік. Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін қандай әрекеттер жасап жатқанымызды айтып, қойылған сұрақтарға оффлайн және онлайн жауап бердік. Біз бұны әрі қарай да жалғастырамыз, соған сай айтарымыз да бар.    

Жалпы, 2021 «Қазхром» қоршаған ортаға жүктемені азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін өзінің барлық филиалдарына (Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары, Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Қазмарганец» кен басқармасы) 20 млрд теңгеден астам инвестиция құюды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, экономика тұрғысынан күрделі кезең екеніне қарамастан, қоршаған ортаны қорғау шараларына шығындар азайған жоқ. Керісінше, одан әрі ұлғайды. Осылайша, «Қазхромның» барлық филиалдары үшін 2020 жылы шамамен 11,5 млрд. теңге бөлінген еді. 2021 жылы 9 миллиардтан астам теңгені тек Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмсау жоспарланған.

Биылғы жылы Ақсу мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары үшін маңызды оқиға – кешенді экологиялық рұқсат алу болды. Компания Еуропа мен Ресейдің тәжірибесін ескере отырып, ең тиімді қол жетімді технологияларды енгізудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі. Оны іске асыруға шамамен 48 млрд.теңге бөлінеді. Екі зауыттың қоршаған ортаға күтілетін жалпы әсері – қатты шығарындылардың 40% -ке төмендеуі.