Назад

ERG мен Narxoz University Education мамандар даярлаудың бірлескен бағдарламасын жүзеге асыра бастады

05.03.2021

ERG мен Narxoz University Education мамандар даярлаудың бірлескен бағдарламасын жүзеге асыра бастады

ERG (Еуразиялық Топ) мен Narxoz Executive Education кадрлық резерв даярлаудың ERG New Leaders бағдарламасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің әр тарабындағы кәсіпорында еңбек етіп жүрген Топтың 150 қызметкері 7 модуль бойынша оқытылмақ.

ERG New Leaders аясында «LIFT» атты Топ кәсіпорындарының жастар кадрлық резервіне алынған мамандар оқытылады. LIFT – ERG кәсіпорындарында еңбек етіп, қызмет жолы мен болашағын Еуразиялық Топ компаниясымен байланыстыратын 35 жасқа дейінгі мамандарға арналған бағдарлама.

Наурыздың бірі күні оқуға жолдама алғандар мен спикерлердің алғашқы онлайн кездесулері өтті.

– Бағадарлама аясында оқу кестесі, оқыту материалдары мен қосымша онлайн жұмыстарды қамтитын арнайы білім беру порталы құрылған, – деді Narxoz Executive Education Center тарапынан тағайындалған көшбасшы Марина Образцова. – Бұл тек онлайн дәрістер жиынытығы ғана мес, тыңдаушыларға ерекше көңіл бөлінген. Біз кері байланысты әбден пысықтап, әрбір тыңдаушыға жекелеген көзқарас ұсынатын интертактивті олайн модульдер әзірледік. Жалпы алғанда ERG сынды қуатты компанияның мұндай ауқымды жобаға бізді серіктес ретінде таңдағанын ерекше бағалаймыз. 

Оқыту жалпы ұзақтығы 108 академиялық сағаттан тұратын 7 модульді қамтымақ. Оның ішінде – көшбасшылық психологиясы мен көшбасшының шешуші құзіреттері, операциондық басқару, эмоционалдық интеллект, бюджеттеу мен қаржылық жоспарлау, дизайн-ойлау, коммуникациялар, команданы басқару, тіпті кикілжіңдерді басқару дағдылары да бар. Оқыту барысында қазақстандық және шетелдік компаниялардың тәжірибесі негізге алынып, нақты дағдыларды қалыптастыру үшін практикалық тапсырмалар берілетін болады.

– Біз үшін бұл қалыпты біліктілікті арттыру мен персоналға арналған тренингтерден гөрі ауқымды бастама. Бұл біздің компанияның орнықты дамуын қамтамасыз ету қамында ұрпақтар сабақтастығын жоспарлауға қосар үлесіміз, – деп атап айтты Топтың персонал жөніндегі Қазақстандағы операциондық директоры Ақмарал Найзабекова.

Оқыту соңында ERG New Leaders жобасына қатысушыларға басқарушылық біліктілігін шыңдағаны туралы дипломдар табысталады.