Назад

Eurasian Resources Group әлеуметтік жобаларды қолдау географиясын кеңітті

03.03.2021

Eurasian Resources Group әлеуметтік жобаларды қолдау  географиясын кеңітті

Eurasian Resources Group (ERG) пен Шымкент қаласының әкімдігі өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Биыл Топ мегаполистегі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 100 млн теңге бағыттамақ.

Меморандумға ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары – Топтың бақылаушы кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қол қойды. Меморандум аясында 2021 жылы ERG бөлетін сома –100 млн теңге. Бұл қаражатқа қаланың әр ауданында жеті спорт алаңы орнатылмақ.

Аула аумағында футбол мен баскетбол алаңдар,  балалар мен ересектердің workout-пен айналысуына қажетті тренажерлер орнатылмақ. Бағдарлама Шымкент қаласының инфрақұрылымын жақсарту бағдарлмаасы аясында жүзеге асырылады.

- Жауапкершілік – ERG-дің басты құндылықтарының бірі. Біз қызметкерлеріміздің өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты әрі кәсіпорындарымыз орналасқан аймақтардың орнықты дамуына жауаптымыз. Сондықтан, әлем нарығында қалыптасқан күрделі жағдайларға қарамасатан, тек жыл сайынғы меморандум жобаларын қолдаудан бас тартпай, әлеуметтік инвестицияларымыздың көлемін де азайтпауды ұйғардық, – деп атап айтты ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Шымкентте біздің – «3 Энергоорталық» атты активіміз орналасқан. Ол таяуда Eurasian Resources Group құрамына енгенін білесіздер. Сондақтан, біздің қызметкерліміздің жайлы жұмыс пен демалыс мүмкіндіктерімен қамтылуы біз үшін маңызды.

ERG үшін Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерге әлеуметтік инвестициялар құю – тек жобаларға қаражат салудан ауқымды, қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдау деп білеміз.

ERG осымен 17 жыл қатарынан Топтың өндірістік кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды мен Павлодар облыстарының әкімдіктерімен жыл сайын әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келеді.

Еуразиялық Топтың 2001-2020 жылдар аралығында осы өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі 280 млрд теңгеден асты.