Назад

«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішіндегі жаңа жабдық көмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

26.02.2021

 «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішіндегі жаңа жабдық көмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның «Шығыс» кеніші сұрыптау желісі өнеркәсіпте пайдалана бастады. Оның көмегімен металлургия және басқа салалардың технологиялық қажеттіліктеріне жөнелтілетін қатты отынның тұтынушылық құндылығы артады.

Нарықтағы қатаң бәсекелестік жағдайында өндірілетін және жөнелтілетін көмір сапасының маңызы ерекше. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің мамандары жаңа нарықтарға шығуға және сапалы көмірді жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа жобаны енгізген.

- Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жағдайында біз 10-100 мм фракциялы көмірдің алғашқы вагондарын тұтынушыға жөнелттік. Процесте кемшіліктерді жойып, жабдықты ретке келтірдік, қазір желіні іске қостық, - деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің көмірді байыту және өңдеудің жаңа технологиялары жөніндегі бас маманы Игорь Музычук.

Фракциялау торабы көмірді екі фракцияға бөлуге мүмкіндік береді: ірілілігі 10-100 мм және ірілілігі 0-10 мм.

– Көмірдің сұрыптау желісінде атмосфераға шығарылатын шаң көлемін төмендету мақсатында конвейерлердің жұмыс тармағын бүкіл ұзындығы бойынша жабу қарастырылған. Сондай-ақ, електің (сұрыптау қондырғысының) жұмыс беті жабылатын болады, - деді жоба жетекшісі Борис Бут. Жөндеу кезеңінде өнім ағындарының бағыты үшін түсіргіш барабандардан кейін металл конструкцияларының параметрлері өзгертілді. Көмірді технологиялық сұрыптау желісі автоматтандырылған. Оны басқару тақтасынан басқаруға болады. Көмірді сұрыптау желісінің жұмыс режимі – жыл бойы, 1 ауысым 12 сағатқа созылады. Жобалауға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес көмірді сұрыптау желісінің өнімділігі дайын өнім бойынша жылына 200 мың тонна. Көмірдің ірілігі бойынша жіктелімді ескере отырып, қатарлық көмірді сұрыптау бойынша өнімділік жылына 326 мың тонна.

Желінің жұмыс принципі келесідей: сұрыптауға күлділігі 38% көмір түседі. Көмірді қабылдау шұңқырына бір желіде орналасқан және жер деңгейіне дейін төмен көмілген төрт қабылдау металл бункері кіреді. Екі шеткі бункерді тікелей қат-қабаттан тиеуге болады, қалған екуіне көмір бульдозер және тиегішпен беріледі. Бункерлерден қоректендіргіштердің көмегімен көмір конвейерге қайта тиеледі, бұдан әрі-сұрыптау үшін елекке (сұрыптау агрегатына) жер бетіне шығарылады.

- Эстакадаларда орнатылған конвейерлердің көмегімен сұрыптау өнімдері конусқа түсіріледі. Түсіру конустарының сыйымдылығы қатарлық көмірді қайта өңдеудің екі тәуліктік көлеміне тең. Соңғы кезең - жүк түсіретін конустардан көмірді автожүктиегіштің көмегімен ашық теміржол вагондарына тиеу - деп түсіндірді Игорь Музычук.

Мамандардың айтуынша, барлық технологиялық, құрылыс шешімдері, құрылыс пен еңбекті ұйымдастырудың отандық және шетелдік ғылым мен техниканың озық жетістіктеріне сәйкес келеді.