Назад

ССКӨБ-те тұңғыш рет фабрика кешеніне жаңа жабдық шығарылды

25.02.2021

ССКӨБ-те тұңғыш рет фабрика кешеніне  жаңа жабдық шығарылды

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ жөндеу-механикалық металлургиялық зауытының қызметкерлері магниттік сепаратордың ваннасын жасады. Ол – ылғалды бөлу әдісі қолданылатын, жоғары магнитті кендерді байытудағы маңызды элемент. Жабдық дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

ССКӨБ фабрика кешенінің байыту учаскесінде әртүрлі типтегі және көлемдегі 280 сепаратор орнатылған. Олардың көпшілігі ПБМ-П-120/300 сепараторлары. Олар кен мен магнитті және магнитті емес екі өнімге бөлінген мөлшері 3 мм-лік материалдарды байытуға қатысады. Қалай екендігін осы жерден көріңіз.

Механизмдер магниттік барабан мен қарсы ағымды ваннадан тұрады. Соңғысы тозған соң өндірілген темір кені концентратының қалдық қоймасына тасталатын.

Жағдайды өзгерту үшін жөндеу-механикалық металлургиялық зауыты (ЖММЗ) қарсы ағымды ванналар шығару мәселесі терең зерттеді. ПБМ-П-120/300 сепараторы үшін алғашқы сынақ ваннасы жасалған.

– Бізге фабрика қызметкерлері өндірістің технологиялық тізбегіне қажетті құрал-жабдықтар жасау туралы ұсыныс берді, – деді ЖММЗ металл құрылымдары учаскесінің шебері Денис Шейн. – Өндіріте бұрын біз жұмыс істеп көрмеген тот баспайтын болатты қолдандық. Өзіміздің жабдықтарымызды жаңғыртып, қайта баптадық. Төрт слесарь-жөндеуші мен үш электргазбен дәнекерлеуші шебердің басшылығымен тапсырманы бір айдың ішінде орындады. Бүгінде сынама нұсқада магниттік сепаратордың бір қаңқасы мен ваннасы дайындалды. Болашақта біз жоспарланған көрсеткіштерге кірісеміз.

Жақын арада заманауи жабдықтар оңтайлы жұмыс режиміне жеткізіледі. Болашақта ванна жасау процесі жолға қойылады. Алдын ала мәліметтер бойынша 80 жаңа жабдық қажет.

– Ұсынылып отырған жүйелі жұмыс өндіріс процесін икемді етіп, өзге жеткізушілерге тәуелділікті азайтып қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтеді, – деді өнеркәсіптік кешені механиктер бөлімінің бастығы Алексей Шталь. – Енді біз сепаратордың ескі тетіктерін жаңаларына ауыстыра аламыз, сонымен бірге бірлескен іс-қимыл жоспарын жасай аламыз. Зауытта ванна технологиялық учаскедегі жоспарлы алдын алу жұмыстарына дейін ерте дайындалып, фабрикаға жеткізіледі. Жабдықтар жөндеу жұмыстары кезінде жаңартылмақ.

Ұсынылып отырған жүйе жөндеу жұмыстарының санын азайтуға, темір кені концентратын жоғалтудың алдын алуға және дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік бермек.