Назад

ERG шахматшылары Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған Корпоративтік әлем чемпионатында үздік сегіз команда қатарына енді

23.02.2021

ERG шахматшылары Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған  Корпоративтік әлем чемпионатында үздік сегіз команда қатарына енді

ERG командасы ақпанның 19-21 күндері Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған алғашқы Корпоративтік әлем чемпионатына қатысты. Байрақты бәсекеде 36 гроссмейстер мен шахматтан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен де бақ сынаған. ERG қызметкерлері 10 команда арасындағы іріктеу сындарында бірінші орынды иеленіп, жарыстың ширек финалына шықты.

Шахматтан тұңғыш корпоративтік әлем чемпионатына төрткіл дүниенің 70-ке тарта елінен 288 команда қатысты. Жалпы саны 1467 шахмат шебері арасында Microsoft, Boeing пен Google сынды халықаралық алпауыттардың қызметкерлері бар. ERG намысын ERG-дің Персонал жөніндегі орталығының шығындар мен қызметкрелер санын бақылау жөніндегі жетекшісі Юрий Мазунин, «Қазақстан алюминийі» АҚ ГМЦ жабдықтарды жөндеу жөніндегі 1 учаске шебері Игорь Санников, «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші карьердегі автокөлік диспетчері Сәлима Сәкенова мен «Шұбаркөл көмір» АҚ сатып алулар бөлімінің жетекшісі Десимбек Яхин (қосалқы ойыншы) қорғады.

Топтық кезеңде ERG қызметкерлері Credit Suisse, Tata Consultancy Services пен чехиялық CSOB коммерциялық банкі, «Россети», «ВКонтакте», BCG Gamma-дан басым түсіп, ширек финалға шыққан. Бұл кезеңде ERG-дің көптен бергі іскер серіктесі Сбер командасына («Сбербанка») қарсылас атанды. Топ таяуда Сбер экожүйесі аясында әріптестікті одан ары кеңейте түсуді ұйғарған болатын. Тартысты ойын нәтижесінде әуелден осы турнирдің фавориті саналған Сбер командасы ақтық сынға өтті.

Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Жандос Әбішев өз хатында: «Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) басшылығы ERG командасының нәтижесін жоғары бағалады. Әрі бұл жетістік шахмат саласындағы әлемдік БАҚ беттерінде кеңінен жарияланды» деп атап көрсетті.