Артқа

Eurasian Resources Group үздік өнім берушілерді марапаттады

30.12.2020

Eurasian Resources Group үздік өнім берушілерді марапаттады

Eurasian Resources Group (Еуразиялық Топ) жыл сайынғы дәстүрлі ERG Supplier Award байқауын қорытындылады. Беделді халықаралық өнеркәсіп тобының марапаттары қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп жабдығын өндірушілер, қызмет ұсынушылар мен қаржылық серіктестеріне бұйырды.

Арнайы марапат тағайындап, тапсыру туралы Еуразиялық Топтың тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы орталықтандырылған операторы – «ERG Коммерция орталығы» бастама көтерген. 2016 жылы құрылған серіктестік сатып алулар, ERG кәсіпорындары өнімдерін сату мен Топтың Қазақстандағы инвестициялық жобаларын жүзеге асыру сынды үш бағыт бойынша операциондық тиімділікті арттыру бағытында қызмет етеді.

ERG-дің жыл сайынғы сатып алуларының көлемі 2,5 млрд долларға жуықтайды. Отандық тауарөндірушілер мен қызмет ұсынушылар үлесі 60% астам.

Топ Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен сатып алулар ісіндегі қызметінің тиімділігін арттыруды жалғастырды. 2022 жылға дейінгі мерзімді қамтитын «Сатып алулар» стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Ол серіктестер мен құрылымдар арасындағы  кросс-функционалды ықпалдастық деңгейін арттыруды көздеген сатып алулар саласындағы 30 дан астам жобаны қамтиды.

ERG Supplier Award тұтынушыға бағдарланған, жеткізетін өнімінің сапасы мен жеткізілімдер тұрғысынан үздіктерге табысталады.

- Бізді жалпы саны 19 марапаттың тоғызы отандық тауар өндірушілерге табысталғаны қуантады, - деді ERG-дің Бас коммерциялық директоры Ильмир Масгутов. – Жаһандық жеткізілімдер тізбегі үзілген биылғыдай жағдайларда, қазақстандық жеткізушілермен әріптестікті дамыту ішкі нарықтағы ахуалды тұрақтандыруға сеп. Оның үстіне, бұл Топтың кәсіпорындары орналасқан өңірлердің орнықты даму мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Осы мақсатта импортты алмастыру бағдарламасы қолға алынған. Бағдарлама аясында контрагент - Format Match Company-мен шекараның ар жағынан жеткізілетін 54 өнім түрін меңгеруге қатысты нақты жол картасы түзілген. Одан бөлек, қазақстандық үлесті арттыру мақсатында «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС (жеке қорғаныш құралдары), «УПНК-ПВ» ЖШС (мұнай коксымен қамту), «Восток Абразив» ЖШС (құралдар жеткізу),  «Трибо» ЖШС (тежегіш қалыптар), «ТМЗ» ЖШС (электрод массасы), «Проммашкомплект» ЖШС (дөңгелектер) және тағы басқалармен ұзақмерзімді серіктестік ныңайтылып келеді.

 

Топтың ірі серіктестері төмендегі аталымдарда марапатталды:

 

Отқа төзімді өнімдер - Богдановичское ОАО «Огнеупоры» (Богданович, РФ)
Энергетикалық жабдықтар - «Alageum Electric» АҚ (Нұр-Сұлтан, Қазақстан)
Көміртегі өнімі - ГРУППА ЭПМ (Мәскеу, РФ)
Жеке қорғаныш құралдары - «ТаразКожОбувь» ЖШС (Тараз, Қазақстан)
Кәсіби қызметтер - «Орика-Қазақстан» ЖШС (ШҚО, Қазақстан)
Кәсіби қызметтер - HOTWORK-USA LLC (Лексингтон, Кентукки штаты, АҚШ)
Құрылыс-монтаж жұмыстары - «Азия-Огнеупор» ЖШС (Павлодар, Қазақстан)
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары - «Eurasian Machinery» ЖШС (Алматы, Қазақстан)
Техника, көлік пен қосалқы бөлшектер - «Format Mach Company» ЖШС ИМК (Петропавл, Қазақстан)
Металилемдеу және құбыр өнімдері – «Ақтөбе рельс–арқалық зауыты» ЖШС (Ақтөбе, Қазақстан)
Тасымалдау жабдығы - InoCon Industrial Plants GmbH (Атнанг-Пуххайм, Австрия)
Металлургия жабдықтары - ООО «Вымпелком» (Челябі, РФ)
Редукторлар - «СЕВ-ЕВРОДРАЙВ» ЖШС (Алматы, Қазақстан)
Тау-кен шахталық жабдықтар - «НПО Казгеомаш» ЖШС (Өскемен, Қазақстан)
Технологиялық ыдыс пен құю жабдықтары - «ЭКОпром Павлодар» ЖШС (Павлодар, Қазақстан)
Мінсіз қызмет - «АСКОМ Компаниясы» ЖШС (Көкшетау, Қазақстан)
Үздік қазақстандық жеткізуші - «Қайнар-АКБ» ЖШС (Талдықорған, Қазақстан)
Үздік қазақстандық жеткізуші - «Тараз металлургия зауыты» ЖШС (Тараз, Қазақстан)
Стратегиялық серіктес - «УПНК-ПВ» ЖШС (Павлодар, Қазақстан)

COVID-19 салдарынан туындаған карантиндік шараларды қаперге ала отырып, марапатты тапсыру салтанатынан ұйымдастырудан бас тартылды. Барлық жеңімпаздарға «ERG Supplier Award» марапаттары мен дипломдары жеке жолданады.