Артқа

ERG Service алғаш рет құю шөміштерін өндірді

04.08.2020

ERG Service алғаш рет құю шөміштерін өндірді

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «ERG Service» ЖШС жоғарыкөміртекті феррохром өндірісіне қажетті шөміш жасап, алғашқысын Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жөнелтті. Металлургия саласына қажетті технологиялық ыдысты Павлодар машина жасау зауыты үшінші тараптан ешбір қосалқы бөлшек сатып алмастан, тиянақты жасап шыққан. Сервистік компанияның құю механикалық цехы шөміштің барлық құйылуға тиісті бөлшектерін де алғаш рет өздері әзірледі. 

            Металлургиялық шөміштерді Павлодар машина жасау зауыты мамандары 2016 жылы игере бастады. Аталған ыдыстар жалын қызу 1 650-1 750°С балқытылған металды құйып, тасымалдап, әрі қысқа мерзімде сақтауға арналған. Технологиялық шөміштің түбі мен жиектері сынды барлық құрамдас бөліктері түгел осында әзірленді. Үшінші тараптардан ештеңе сатып алынбаған. Бұған биыл «ERG Service» ЖШС құю механикалық цехы мамандарының өндірістің жаңа сатысын меңгеруі сеп болды.

–  Бұл алдымен өндірістің икемділігін арттырып, сыртқы жеткізушілерге тәуелділіктен арылтты. Әрі компанияның экспорттық мүмкіндіктерін кеңітті, - деді «ERG Service» ЖШС Бас директоры Сергей Ельчищев. – Өткен жылы ERG Service құрамына құю мехникалық цехының енуі өндірілетін өнімдердің жаңа сатысын меңгеруге жол ашты. Тапсырыс беруші талаптарына сәйкес, дайындалатын өнім сапасын арттыру қамында да ауқымды істер атқарылғанын да айта кеткен жөн. Алдағы уақытта да бұл бірлескен жұмыс жалғасын таппақ. Осы орайда, машина жасаушы және құю активтерінің кооперациясы сөзсіз біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырды.

Көлемі 2,3 м3 бес шөміш және көлемі 1,7 м3 бір шөміш «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жөнелтілді. Бұл шөміштердің басты ерекшелігі тұрпаты өзгертіліп, жоғары жағына дәнекерлетін шүмек бөлігі жасалғанын айта кеткен абзал. Жобаны ERG Service-тің конструкторлық-технологиялық бөлімі әзірлеген. Олардың ұсынысы шөмішті пайдалану мерзімін ұзартып, оның өзіндік құнын төмендетуі тиіс. Бұл жоба ERG-дің ІІ Инноваторлар форумында «үздік» деп танылған болатын.

– ERG Service бізге қож бен метал құюға арналған шөміштер жеткізеді. Алғашқы легін алған соң, ыдысты бірлесе талқыладық. Оның пайдалану мерзімін ұзарту үшін шүмек тұсындағы металды 40 мм дейін қалыңдату туралы ұсыныс бердік. Жетілдірілген жаңа шөміштердің қызмет мерзімі барынша ұзақ әрі сенімді болады деген үміттеміз, - деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының шебер-технологы Нұрлан Ұзақов.