Назад

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері ERG кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген 919 маманның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

22.07.2020

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері ERG кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген 919 маманның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы медициналық көмекке жүгініп, жұқпалы аурулар ауруханалары, провизорлық орталықтар мен үйлерінде ем қабылдап жатыр. Науқастанып қалған 515 әріптесіміз жазылып шықты. Қазір аурудан айығып, үй карантинінде денсаулығын нығайтып жатыр.
ERG-дің кәсіпорындары («Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Торғай боксит кен басқармасының жұмысын тағы үш айға тоқтату шешілді) инфекцияның таралуына жол бермеуге қатысты барлық талаптарды мұқият сақтай отырып, қалыпты тәртіпте, тұрақты жұмыс істеп тұр. Барлық ғимараттар мен көліктерде түгел санитарлық тазарту мен дезинфекция шаралары мұқият орындалып, маска тәртібі сақталады. Кеңседегі әкімшілік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Бұдан бөлек, Топтың барлық қызметкерлері Covid-19 инфекциясының алдын алу жөніндегі өзекті ақпараттан құлағдар етіліп, таяуда ERG құрамына енген «Евразия» МО мамандарының кеңесіне жүгіне алады.
Компания өнім тұтынушыларының алдындағы барлық міндеттемелерін алдағы уақытта да толық көлемде орындау үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Барлық қазақстандықтарды жеке қорғаныс ережелерін мұқият сақтауға шақырамыз: маска киіп, антисептикті қолданып, қоғамдық жерлерге қажетсіз бармай, барған жағдайда қауіпсіз қашықтықты сақтаңыздар.