Назад

Eurasian Resources Group-тағы #Басқаша_Металлург_күні

20.07.2020

Eurasian Resources Group-тағы #Басқаша_Металлург_күні

ERG (Еуразиялық Топ) кәсіпорындарының металлургтары шілденің үшінші жексенбісінде атап өтілетін өздерінің кәсіби мерекесін Covid-19-пен күреске арнады.

Дәстүр бойынша бұл күні ERG металлургиялық кәсіпорындары орналасқан қалаларда мерекелер мен эстрада жұлдыздарының концерттері өтетін. Биыл мерекеге жоспарланған қаражат жұмысшылар мен олардың отбасыларына дәрі-дәрмек сатып алуға, кәсіпорындардың зейнеткерлеріне азық-түлік жиынтықтарын әзірлеуге, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың ең әлсіз топтарына көмек ретінде жұмсалды. Еуразиялықтарға арналған мереке #Басқаша_Металлург_күні ұранымен өтті (https://www.youtube.com/watch?v=PVjyloN1QyE).

Кәсіпорындардың еріктілері науқастанған әріптестері мен зейнеткерлерге дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізіп, дәрігерлерге түскі ас пен маска таратып, вирустың алдын алу шаралары туралы әңгімелесу бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

Наурызда ERG республикалық Birgemiz қорына 4,5 миллиард теңге бөлді. Сондай-ақ, аймақ әкімдіктерімен жыл сайын қол қойылған Меморандумдар аясында Топ Қостанай облысына 400 млн теңге және Ақтөбе облысына 200 млн теңге жіберді. Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына 14 миллион теңгеден астам қаражат аударды.

Шілдеде Ақтөбе облысына дәрі-дәрмек сатып алуға қосымша 219,4 миллион теңге жұмсалмақ.

ERG негізін қалаушылардың бірі, Директорлар кеңесінің мүшесі Алиджан Ибрагимов жеке қаражатынан «Жаңа Павлодар» қоғамдық қорына 100 миллион теңге және осындай көлеміндегі көмекті Алматы қаласының қорына бөлді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты оттегі баллондарын толтыруға және баллондарға бекітілген Бобров аппаратына арналған арнайы өткізгіштер әзірлеуге көмектесуде. Күніне 300 баллон аймақтағы ауруханалар мен провизорлық орталықтарға жіберіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Топ кәсіпорындарының қызметкерлеріне тестілеу жүргізетін ПТР зертханасы үшін жабдықтар жеткізілуде.

– Металлургтер, сонымен қатар бүкіл ел азаматтары бұл мерекені қиын жағдайда атап өтуде. Ендік бүкіл әлем коронавирустық пандемиямен күресіп жатқан кезде, біз үшін бірігу және бір-бірімізге қамқорлық жасау, қауіпсіздікті сақтау және жақын адамдарымызды қорғау өте маңызды. Еуразиялық топ Covid-19-пен күресу үшін көп жұмыс атқарып жатыр. Инфекцияның алдын алу үшін де, науқас қызметкерлерді құтқару үшін де маңызды шаралар қабылдануда, – деді ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Айтпақшы, ERG-дің тең құрылтайшысы «Қазхром», ССКӨБ, КЭЗ, ERG Service және «Қазақстан алюминийінің» 199 өндіріс көшбасшылары мен ардагерлеріне жұмыс пен кәсіпке деген адалдығына алғыс білдіріп, жеке-жеке бейне құттықтауларын жазып жолдады.

Бұрын хабарланғандай, вирустың Топтың кәсіпорындарында таралуын болдырмау үшін ERG алдын-алу іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жүзеге асыруда (толығырақ https://www.erg.kz/ru/news/1304 сайтында).

 

Кәсіпорындардағы өндірістік персонал қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, олар үшін отандық өндіруші – «ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда» ЖШС ақтөбелік тігін фабрикасынан 200 мың көп реттік маскалар арнайы сатып алынды. Қызметкерлерді вахтаға келгенге дейін жүйелі түрде тестілеу жүргізіледі. Барлық өндірістік алаңдардар, жалпы қолданыстағы аумақтарда (тамақтану, демалыс бөлмелері, дәретханалар және т.б.) және қызметтік көліктерде күшейтілген дезинфекция режимі енгізілді. Ылғал тазарту және желдету әр екі сағат сайын жасалады. Барлық аймақтардағы кәсіпорын қызметкерлерін тасымалдау арнайы жалға алынған көліктерде жүзеге асырылады. Тасымалдаушы автобустар әр ауысымнан бұрын және кейін өңделеді. Барлық өткізу пункттері байланыссыз термометрлермен және тепловизорлармен жабдықталған. Кәсіпорындардың әкімшілік құрамы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.

Науқас қызметкерлерге қолдау көрсету үшін «Евразия» медициналық орталығының мамандары онлайн кеңестерін ұйымдастырды. Науқастардың денсаулығына жүйелі түрде мониторинг жасалады, қажет болған жағдайда тексерістен өтуге және госпитализацияға көмек көрсетіледі, қызметкерлерге тегін дәрі-дәрмектер жеткізу де жолға қойылған.