Назад

Eurasian Resources Group акционері Алиджан Ибрагимов COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан сүбелі үлесі үшін марапатталды

26.06.2020

Eurasian Resources Group акционері Алиджан Ибрагимов COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан сүбелі үлесі үшін марапатталды

Алиджан Ибрагимов 343 қазақстандық қатарында «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске сүбелі үлес қосқандар үшін тағайындаған.

ERG-дің негізін қалаушылар мен акционерлерінің бірі, Директорлар кеңесінің мүшесі Алиджан Ибрагимов наурыз айының соңында ірі бизнес өкілдерінің алды болып, «Жаңа Павлодар» қоғамдық қорына қаражат бөлген. Қор аймақтағы эпидемияға қарсы шараларды қолдауға, қиындықтарға тап болған азаматтарды әлеуметтік және медициналық қолдауға, Сovd-19 инфекциясымен күреске қажетті медициналық жабдықтар мен құралдар сатып алуға қаражат жинаған болатын. Алиджан Ибргаимовтың отбасы қорға өз қаражатынан  100 млн теңге берген болатын. Директорлары кеңесінің мүшесі Алматы қаласының қорына да тура осынша көлемде қаражат бөлген.
Коронавирус пандемиясы пайда болып, елде төтенше жағдай жарияланғалы бері ERG мен оның акционерлері Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде вирустың таралуына қарсы шараларға барынша күш салып жатыр.
ERG наурыз айында Елордада алдын алу шараларын жүргізуге де 100 млн теңге қаражат бөлген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бастамасымен «Біз біргеміз» қоры құрылатынын хабарлаған соң, Еуразиялық Топ алғаш болып қорды құруға 4,5 млрд теңге бағыттаған.
Бүгінде 60 мыңнан астам адам еңбек ететін Топтың негізгі өндірістік кәсіпорындары Қазақстанның төрт тарабында орналасқан. Өндірістік кәсіпорындарында вирустың таралуына тосқауыл қою қамында әзірленіп, қолға алынған алдын алу шараларының жоспары септігін тигізді. Кәсіпорындардың өндірістік персоналы қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Баршаға ортақ орындар (тамақтану, тынығу бөлмелері мен  әжетханалар және т.с.с. өзге де бөлмелер)  мен қызметтік көліктерде күшейтілген дезинфекциялық тәртіп енгізілген. Әр екі сағат сайын ғимараттарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіліп, желдетіледі. Кәсіпорындардың қызметтік автобустары әр сапардан соң арнайы ерітіндімен өңделіп, тазартылуда. Әкімшілік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылған болатын.
Торғай боксит кен басқармасынан өзге ERG-дің барлық кәсіпорындары қалыпты тәртіпте, тұрақты жұмыс істеп тұр. Өндіріс жоспарлары тиянақты орындалуда.