Назад

Жаппай карантин кезінде қомақты қаржы шығармай, ауқымды топтық шаралар өткізуге бола ма?

18.05.2020

Жаппай карантин кезінде қомақты қаржы шығармай,  ауқымды топтық шаралар өткізуге бола ма?

ERG-дің «Шеберлер елі» байқауы өндіріс саласы мамандарының қолынан бері келетінін тағы бір мәрте паш етті. Олай дейтініміз, шығармашылық байқауға еліміздің бес өңіріндегі тұрып жатқан алуан түрлі маман қатысып, онлайн форматта бақ сынады.  

COVID-19 пандемиясы ірі бизнестің корпоративтік шаралары жоспарына да айтарлықтай өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. Ауқымды компаниялар алдын да жоспарлаған бірқатар шараларынан бас тартып, қалғанын қайта қарап, өзгерістер енгізу үстінде. ERG де осы күйде. Алайда, қызметкерлер асыға күтетін айрықша шығармашылық байқау – «Шеберлер елін» өткізбеу, немесе кейінге қалдыру тіпті талқыға түспейтін тақырып. Шоу қандай жағдайда да өтуі тиіс!

 Байқау биыл ашық Aitube тұғырманамасы мен Smart ERG мессенджерінде онлайн форматында өтті. Онда отбасылық және командалық өнер сыналды. Байқау: «музыкалық номер», «жыр мүшайрасы» мен «бала тілі – бал», «Берекеге бөленген – анам, әкем және мен» балалар салған суреттер мен «Карантиндегі еуразиялықтар» атты стендап-шоу қатарлы бес аталым бойынша жаяланған.

Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкерлері  бойдағы айрықша өнерлерін ортаға салудан тартынбады. «Музыкалық номер» аталымында Абайдың «Kozimnin karasi» әнін үш тілде қатарынан тамылжыта салған «Поколения» тобы сөзсіз үздік шықты.

«Жыр мүшайрасы» аталымында алюминий дивизионы кәсіпорнында еңбек ететін әріптесіміздің «А у нас сегодня цех» туындысы үздік деп танылды. Авторы – «Қазақстан алюминийі» АҚ сыртқы коммуникациялар жөніндегі маманы Нәсия Үсенбаева. Ал оның басты қарсыласы атанған «3-Энергоорталық» АҚ өндіріс жөніндегі маманы Юрий Овсянниковтың сатиралы «Привет из Шымкента!» шығармасы «көрермен көзайымы» атанды.

Еуразиялық Топ кәсіпорындарында еңбек ететін қызметкерлердің балалары да бұл байқауда барын салды.

– Мен байқауға жолданған роликтердің барынша сапалы әрі тиісті ереже талаптарына сай шыққанына қатты таң қалдым, - деді қазылар алқасының мүшесі әрі Aitube.kz медиахостингінің бас директоры Евгений Волков. Байқаудың «Бала тілі – бал» аталымына келіп түскен әр видеодан соң тоңазытқышқа қараумен болдым. Себебі, кәсіби тұрғыда дұрыс түсірілген әр роликтің нақты қолданыста жарайтын пайдалы кеңестері көп болды.

Бұл аталымға жалпы саны 16 видео жолданғанын айта кеткен абзал. Соның ішінде «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң ТКБК өндірісті қамдау маманды Ерлан Бекетовтың ұлы Нұрбек Оразғали мен ТҮБАЖ зертханасының басшысы Владимир Кравцовтың ұлы Алексей Кравцовтар озып шықты. Олар ұсынған «алма чипстары мен шоколадтағы жемістер» компанияның көптеген манадарына ұнап, керегіне жарарына сенім мол. Қадірлі журналистер бұл рецептерді сіздермен де бөлісуді жөн көрдік. Дәмі шынында тіл үйіреді.

Осы аталымда сүйкімді бүлдіршін Інжу Қапанованың «Кексы от усталости» атты тағамы көптің көңілінен шығып, «көрермен көзайымы» атынды.

«Берекеге бөленген – анам, әкем және мен» балалар салған суреттер байқауында Томирис Абдуллинаның жұмысы «үздік» деп танылды. Дильназ Өтеғалидың жұмысына «көрермен көзайымы» берілді. Баланың қылқаламынан шыққан «Бақытты отбасы» туындысы 290 лайк жинаған.

«Карантиндегі еуразиялықтар» атты стендап-шоуға бірде бір өтінім түспеуі қазылар алқасының таң қылды. Алайда, бұдан екі қорытынды шығаруға болады: біріншіден, Еуразиялық Топ кәсіпорындары карантиннен аман, қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр. Екіншіден, компания персоналының шығармашыл тұлғалары дамудың жаңа өзге көкжиектерін таңдауды жөн көрген.

Биылғы онлайн байқауда бақ сынағандардың барлық жұмысын мына жерден тамашалауыңызға болады.