Назад

«ТрансКом» ЖШС COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған түйткілдерге қарамастан Қытайға теміркенді шикізат тасымалын 2 есеге арттырды

10.04.2020

«ТрансКом» ЖШС COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған түйткілдерге қарамастан Қытайға теміркенді шикізат тасымалын 2 есеге арттырды

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «ТрансКом» ЖШС халықаралық теміржол тасымалы саласында коронавирус пандемиясынан туындаған түйткілдер мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшкеніне қарамастан ҚХР-на жүк тасымалын арттырды.

Осы айда Қытайға «ССКӨБ» АҚ өндірген 550 мың тонна теміркенді шикізатты экспорттау жоспарланып отыр. Салыстыратын болсақ, былтырғы жылы сәуірде бұдан екі есе аз (283 мың тонна) шикізат тасымалданды. Сондай-ақ, осы шикізатты жөнелту көлемін биылғы жылдың мамыр айынан бастап, ай сайын 600 мың тоннаға дейін ұлғайту жолдары пысықталуда.

– Біз үшін тасымалдауға қатысты міндеттерімізді атқару, өндірістік жоспарды орындау, әсіресе, осындай қиын-қыстау кезеңде – бірінші кезекті тапсырма, – деп атап айтты «ТрансКом» ЖШС басқарма төрағасы Денис Артюхов. – Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындарының, соның ішінде ТрансКомның карантин кезінде және шекаралар жабылған тұста тасымалдау көлемін азайтпағаны туралы баса айтқым келеді. Тіпті олар артып келе жатыр десем болады. Барлық ресурстар клиенттеріміз бен серіктестерімізді жылжымалы құраммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда компанияның ұжымы толығымен қашықтан жұмыс істеп жатыр. Ал 29 наурыздан бастап біз тасымалдарды ұйымдастыруды басқаруды, яғни 30 адамды «үй» режиміне ауыстырдық. Әрине, алғашқы күндері біз көп қиындыққа тап болдық. Алайда, нағыз теміржолшылар ретінде жұмысымыздағы барлық «қиын тұстарды» жедел түрде ретке келтірдік: қателермен  жұмыс жүргіздік те, алға қарай ойдағыдай қадам бастық. Қызметкерлеріміз 24/7 режимінде еңбек етіп жатыр. Ал ІТ-қолдау қызметі үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз етуде. Осы орайда, бізге қолдау көрсеткені және карантин жағдайындағы жұмыспен байланысты барлық мәселелерімізді тез арада шешуге қолғабыс еткені үшін мемлекетімізге алғыс білдіреміз.

Логистикалық компания мамандары қазақстандық темір кені шикізатын ҚХР-на тасымалдау көлемін арттыру үрдісі 2020 жылдың соңына дейін сақталады деген болжам жасап отыр. Сонымен қатар мамандар 2020 жылдың наурыз айына дейін «ТрансКом» ЖШС Қытайға темір кенді шикізатты тек қана Достық станциясы арқылы тасымалдағанын тілге тиек етті. Ал қазір тасымалдар Алтынкөл арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Бұл тасымалдау көлемдерінің ұлғайып, жүк алушының «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына жақын орналасуымен байланысты. Осы бағдармен көрші мемлекетке 33 мың тонна тасымалданып үлгерді. Ал, сәуір айында одан үш есе артық жүк тасу жоспарланған. Осы шекара өткелі арқылы бұрын жасалған эксперименттік жүк жөнелтудің арқасында тасымал көлемін осынша ұлғайтуға болады.

Бір айта кетері, компания мұндай көрсеткіштерге карантинге, ТЖ енгізілуіне және COVID-19 таралуына тосқауыл болуы қамында қабылданып жатқан барлық шектеу шараларына қарамастан қол жеткізіп отыр.