Назад

Ақсу ферроқорытпа зауыты ТЖ режимінде қоғамдық көлік жүктемесін азайту мақсатында қалаға қосымша автобустар бөлді

09.04.2020

Ақсу ферроқорытпа зауыты ТЖ режимінде қоғамдық көлік жүктемесін азайту мақсатында қалаға қосымша автобустар бөлді

Ақсу ферроқорытпалар зауыты ТЖ режимінде қоғамдық көлік жүктемесін азайту мақсатында қалаға қосымша автобустар бөлді. ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының басшылығы қызметкерлерді COVID-19 вирусынан қорғауға бағытталған жедел әрі қатаң шаралар қабылдады.

Зауыт қызметкерлері төтенше жағдай кезінде көліктің жүктемесі шамадан тыс екеніне шағымданған. Иін тірескен автобустарда қауіпсіз әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болмай қалған. Кәсіпорын басшылығы қалалық маршруттар үшін қосымша үш автобус бөлді. «Қазхром» филиалдары өз қызметкерлерін коронавирустан қорғау үшін барынша күш салып жатыр. Зауытта маска тағу режим енгізілді. Әрбір қызметкерге бірнеше рет қолданылатын екі маскадан беріледі. Ақтөбе тігін фабрикасы оларды үздіксіз режимде тігеді. Металлургтердің алты мыңдық ұжымын жақын арада маскамен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда.

Компания заманауи ағынды тепловизорларды сатып алып, чартерлік рейспен жедел жеткізіп орнатты. Олар зауыттың барлық бақылау өткізу қосындарында (БӨП) жұмыс істеп тұр. Құрылғылар кәсіпорын аумағына өтетін әрбір адамның дене қызуын анықтайды. Зауытта вирус жұқтыру сипаты білінген қызметкерлерді анықтаудың іс-қимыл жоспары әзірленген. Бұл жағдайда ол орталық өту орнында жабдықталған фильтр бөлмесіне орналастырылады.

– Ақсу ферроқорытпа зауытында Covid-19 таралу қаупін азайту үшін қатаң шаралар қолға алынған, - деп атап айтты кәсіпорын директоры Сергей Прокопьев. – Біз әрбір қызметкерге көңіл бөлуге және жедел әрекет етуге тырысамыз. Қосымша көлік бөлінді, өту жолдары қайта жабдықталды, қосымша БӨП ұйымдастырылды, адамдар көптеп жиналуы мүмкін жерлерде қатаң арақашықтықты орнату үшін өткізу орындары мен асханаларда сызба белгілер жасалды. Алты мыңнан астам адам жұмыс істейтн кәсіпорын үшін  бұл  өте ауыр міндет. Бірақ адамдардың денсаулығы бәрінен қымбат, сондықтан біз қызметкерлеріміздің санасына және олардың біздің ортақ қауіпсіздігіміз үшін барлық талаптарды орындайтынына сенеміз.

Зауытта дезинфекциялау режимі күшейтіліп, антисептикалық құралдар сатып алынды. Нысандарды тазалап қызмет көрсететін мердігер ұйым өкілдері енді оны дезқұрал мөлшерін ұлғайтып бұрынғыдан жиі жасайды. Әрбір рейстен кейін жүргізушілер зауыт автобустарын да арнайы ерітіндімен тазартады.

Басқа да бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, зауытта барлық іссапарлар, корпоративтік іс-шаралар, оқыту тоқтатылды. Отырыстар телефон селекторлары режиміне ауыстырылды, ал әкімшілік қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан жұмыс істейтін болды.

– «Қазхром» кәсіпорындары бұрынғы тәртіпте жұмыс істейді, өндірістік процесс қандай да бір өзгеріссіз жүзеге асырылады, – деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. – Қажетті қорғаныс құраларын сатып алып, ұйымдастыру шаралары іске асырылды, барлық ықтимал тәуекелдер талданды. Компанияда жедел әрекет ету және басқару штабтары құрылды.