Назад

COVID-19 тосқауылдарына қарамастан ERG Service өнімнің жаңа түрін меңгерді

08.04.2020

COVID-19 тосқауылдарына қарамастан ERG Service  өнімнің жаңа түрін меңгерді

ERG-дің (Еуразиялық Топ) жабдықтар жасап, оларға қызмет көрсетіп, қолдап және жөндеу, қосалқы процестермен айналысатын орталықтандырылған сервистік кәсіпорны жаңа өнім түрі – ортажүрісті білдекті диірмендерге арналған құрсау шығара бастады.  

Мұндай құрсаулар «ЕЭК» АҚ электр станциясының қайта жаңғыртылған №2, №5 және №6 энергоблоктарында қолданылған. Көмірді ұсататын бұл диірмендер «А» санатты – яғни кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қондырғылар қатарына жатады.  

Құрсау шығару жұмыстарын ERG Service құю механикалық цехының мамандары атқарып, құрсаудың модельдік үлгісін дайындап, оны балқытып қаптастыру технологиясы пысықталды.

– Бұрын бұл қосалқы бөлшек Ресейде жасалып, осында жеткізілетін. Кейін келе украиналық компаниямен келісім шарт жасастық, - дейді «ERG Service» АҚ Бас директоры  Сергей Ельчищев. – Covid-19 коронавирус пандемиясы салдарынан барлық шекара жабылған соң, бұл қажеттілікті өзіміз өтеуді ұйғардық. Қолда бар инженерлік және өндірістік потенциалымызды толық пайдаланып, бар күш-қуатымызды ERG кәсіпорындарында туындаған қажеттіліктерді өтеудің баламалы жолдарын табуға бағыттап жатырмыз. Оған қоса, біздің жаңа өніміміз осы салада жұмыс істейтін өзге де кәсіпорындардың қажеттілігін өтей аларына үміттіміз. Қолымызда бар топішілік ресурстарды толық пайдаланған жағдайда, туындаған бұл дағдарысты да еңсеруге сеп боларына сенімдімін. Әрі бұл жаңа мүмкіндіктер тудырып, жұмыс тиімділігін арттыруға да сеп.

Аймақта жарияланған карантин ERG Service қызметіне де әсер етіп, кейбір шаруаларға өзгерістер енгізуге тура келді. Алайда, жөндеу жұмыстарына қолбайлау болып, тоқтатқан жоқ. Ірі тапсырыстар қатарынан – «ЕЭК» АҚ электр станциясының №6 энергоблогын күрделі жөндеу (мұнда) мен «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО №2 қазандық агрегатын жөндеу жұмыстары (мұнда) кестеге сай атқарылып келеді.  

            Сөйте тұра, сервистік компания COVID-19 инфекциясының таралуына тосқауыл болу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараларды қолға алған (мұнда). ERG Service-тің өндірістік құрылымдарындағы жұмысшылардың жиындары барынша азайтылды. Басқарудың барлық деңгейдегі отырыстары онлайн конференция, бейнебайланыс түріне көшкен.

            Бақылау өткізу қосындары, асханалар мен жалпыға ортақ орындардың бәріне тегіс санитайзерлер орнатылған. Кіреберіске қызметкерлердің дене қызуын өлшейтін теплозиворлар жеткізіліп, қосылды. Ауысым тапсырмаларын беру кезінде де адамдардың дене қызуы тағы бір мәрте өлшенеді.

             ERG Service-тің өндірістік құрымдарында арнайы фильтр бөлмелер жабдықталған. Өткір жұқпалы респираторлық ауру белгілері байқалған қызметкрелер осында жолданады. Аталған орындар аптисептикалық өңдеу мен өзге де қажетті жарақтармен толық қамдалған. Дене қызуы жоғарылаған қызметкерлерді тіркейтін арнайы журнал  басталды.

            Қызметкерлердің топтасуын болдырмау үшін асханалар мен оларды жұмысқа жеткізетін автобустар кестесі өзгертіліп, кеңсе қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Жұмысқа шығуы қажет болған өндірістік құрылым қызметкерлері қосымша жеке қорғаныс құралдары – респираторлар және бірнеше мәрте пайдалануға жарамды маскалармен қамтамасыз етілді.

            Бұдан бөлек, сервистік компанияның барлық қызметкерлері коронавирус инфекциясының алдын алу мен оған тосқауыл болуға қажетті өзекті ақпараттан тұрақты әрі уақытылы құлағдар етіліп отыр.