Назад

Ақтөбедегі фабрика қазақстандық кеншілер мен металлургтерге, энергетиктер мен көлік қызметкерлеріне 200 мыңнан астам маска тігуде

03.04.2020

Ақтөбедегі фабрика қазақстандық кеншілер мен металлургтерге, энергетиктер мен көлік қызметкерлеріне 200 мыңнан астам маска тігуде

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ 19 мың  қызметкерін медициналық маскамен қамтамасыз етудің шешімін тапты. Көлемді тапсырысты ақтөбелік тігін фабрикасы қолға алды. Отандық өндіруші ERG тау-кен металлургиялық компаниясының Қазақстандағыбарлық кәсіпорындарын көп реттік бетпердемен  қамтамасыз етпек.

Бір реттік маскаларға сұраныстың артуына байланысты Қазақстанда соңғы айларда олардың бағасы бірнеше есе өскені белгілі. Оның үстіне бұл бетперделер ең алдымен вирустың таралуына қарсы іс-қимыл жасайтын медициналық қызметкерлерге қажет.Нәтижесінде, аймақ тұрғындарының көпшілігі коронавирустың алдын-алу шараларын сақтау үшін маска таппай қалды. Егер «Қазхромда» 19 мың адам жұмыс істейтінін және әрбір қызметкер екі сағат сайын бір реттік медициналық бетпердені ауыстыруы керек екенін ескерсек, оларға деген қажетті есептей беріңіз.

Осы өзекті түйткілді шешу үшін «Қазхром» алыпсатарларға жүгінбей, отандық өндірушіні - «ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда» ЖШС Ақтөбе тігін фабрикасын қолдады. Бұл жеткізуші бірнеше жылдан бері ERG кәсіпорындарына арнайы киімдер жеткізіп келеді және елдегі төтенше жағдай кезінде фабрика Қазхромның сұранысы бойынша өнім түрін ұлғайтты.

– Алғашқы сынақ партиясын жасағаннан кейін ERG басшылығы«ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда»-ның толық тобына Қазақстандағы Топ кәсіпорындарыныңбарлық мыңдаған ұжымына бетперделер беруге тапсырыс беруді ұйғарды, - деді «Қазхром» ТҰК» АҚ сатып алу бөлімінің бастығы Игорь Филиппенко. – Бұл дегеніміз – 200 мыңнан астам дана деген сөз! Әр қызметкерге екі бетпердеден, яғни бір күн ішінде екі мәрте ауыстыру үшін. Қауіпсіз және ыңғайлы пайдалануға арналған арнайы нұсқаулықтар да жасалды. Біз екі апта ішінде компанияның қажеттілігін қамдай аламыз деп үміттенеміз. Жеткізушіні таңдаудан бұрын, біз көптеген ательерлерді аралап шықтық. Бірақ олардың бірде-бірі мұндай үлкен тапсырысты орындауға әзірге қауқарсыз.

Анықтама: «ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда» бетперде дайындау үшін бөз табиғи материалын қолданады,  бүгінгі таңда матаны осы мақсатта пайдалануға лицензиялаудан өтіп жатыр. Өндіруші өз өніміне бір жылға кепілдік береді. «Қазхром» компаниясы ERG-дің барлық кәсіпорындарының жұмысшыларына көп реттік бетперде беруге 55 миллион теңге бөлді.

Бүгінде «Қазхром» ТҰК» АҚ COVID-19 таралуын болдырмау және алдын-алу бағытында қатаң шараларды сақтай отырып, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жатыр.

Чартерлік рейспен бақылау-өткізу қосындарында дене температурасын жедел анықтау үшін 16 ағынды жылу өлшеуішті, обаға қарсы 1100 костюм мен арнайы көзілдіріктер жедел жеткізілді. «Қазхром» ТҰК»АҚ Топтың барлық кәсіпорындары үшін жеке қорғаныс құралдары және медициналық техниканы сатып алуға бөлген жалпы сомасы 900 млн теңгеден астам.

Сонымен қатар, «Қазхром» кәсіпорнында тазалау және тамақтану қызметтерін көрсететін мердігер ұйымдар мен үй-жайлардағы бөлмелерге дезинфекцияның күшейтілген режимін енгізді, автобустар мен ауысым жұмыскерлері ауысымда кемінде екі рет ылғал тазарту әр екі сағат сайын жүргізіледі. Филиалдар ай сайын дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.

 «Қазхром» ТҰК» АҚ-да компания президенті Арман Есенжоловтың төрағалығымен төтенше жағдайдағы іс-шараларға арналған штаб құрылды.

– ERG компаниясы, соның ішінде Қазхром да қорғауға қажетті жабдықтарды жедел сатып алды, ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асырылды, барлық ықтимал тәуекелдер талданды. Бүгінгі таңда біз жағдайдың одан ары дамытуының әртүрлі сценарийлеріне дайындық режимінде жұмыс істеп жатырмыз, - деді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. –Кеншілер мен металлургтер әрқашан өте тәртіпті және жауапкершілігі зор.  Өндірісте басқаша болуы мүмкін емес, дәл осы қасиеттер бізге жағдайды жеңуге көмектеседі деп сенемін.

Бүгінде «Қазхромның» барлық кәсіпорны штаттық режимде жұмыс істеуде. Өндірістік процесс ешқандай өзгеріссіз жүзеге асырылады.