Артқа

Қазақстан электролиз зауытының бақылау өткізу қосындарына дене қызуын қашықтан өлшейтін тепловизорлар орнатылды

02.04.2020

Қазақстан электролиз зауытының бақылау өткізу қосындарына дене қызуын қашықтан өлшейтін тепловизорлар орнатылды

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ – коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатындағы кешенді шаралар аясында ағынды тепловизорлар орнатқан Еуразиялық Топтың (ERG) Павлодар облысындағы алғашқы кәсіпорны.

Қазіргі таңда жабдықтар кәсіпорынның бақылау өткізу қосындарында жұмыс істеп тұр. Заманауи құрал зауытқа кіріп бара жатқан адамдардың дене қызуын сол сәтте айқындап бере алады. Осы бақылау өткізу қосындарына арқылы күніне 850 адам өтетінін ескерсек мұның маңызы ерекше.

– Тепловизор осы арадан өткен әр тұлғаның термограммасын экраннан көрсетіп, оның дене қызуы белгіленген шектен жоғары болмауын бақылайды, – деді «ҚЭЗ» АҚ өндірісті автоматтандыру мен байланыс цехының басшысы Александр Слюсаренко. – Оны қолдану тәсілі де барынша қарапайым. Күні бойы тек компьютер экранына телміріп отырудың еш қажеті жоқ. Өйткені, өткен адамның дене қызуы қалыпты межеден жоғары болған жағдайда, жабдықтың өзі дыбыстық және визуалды белгі береді.

Мұндай жағдайда, науқас адамды бірден арнайы белгіленген орынға жеткізіп, одан ары зерттеу жұмыстарына жолданады.

Қазақстан электролмиз зауыты осылайша, қашықтықтан жұмыс істейтін тепловизорлар орнатылған пилоттық алаңға айналды. Осындай жабдықтар таяу арада Еуразиялық Топтың (ERG) Павлодар облысындағы өзге де кәсіпорындарында орнатылмақ.

Бұдан бөлек, елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан электролиз зауытында жұмыстың ерекше тәртібі орнатылған. Өндірістік процестерге тікелей жұмылдырылмаған қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Бақылау өткізу қосындары, операторлар бөлмесі, санитарлық-тұрмыстық ғимараттарда түгел тұрақты дезинфекция шаралары жүргізіледі. Кәсіпорын қызметкерлері тегіс бірнеше мәрте қолданылатын маскалармен қамтамасыз етілген. Жұмысшыларды зауытқа жеткізетін көліктер де Рейске шыққанға дейін бір, одан келгенен кейін тағы бір дезинфекторлар ерітіндісімен тағы бір мәрте тазартыЛады.

 Короновирустың таралауына тосқауыл қою бағытындағы шаралардың уақытылы әрі тиімді іске асырылуын «ҚЭЗ» АҚ президенті Андрей Батраченко басқаратын арнайЫ құрылған жедел топ қамтамасыз етеді.

– Қызметкерлерге қамқорлық әрдайым басым бағыты болып келді, әлі де солай болмақ. Қадірлі журналистер, қызметтік міндеттеріңізге атқара жүріп, Сіздер де осы қатер аумағына баруға мәжбүрсіздер. Сондықтан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вирустан қорғануға қатысты ұсыныстары мен нұсқауларын мына сілтемеден таба аласыздар. Өздеріңіз, туған туыстарыңыз аман болсын!

Елде қалыптасқан жағдайларға қарамастан, кәсіпорын шаттық режимде жұмыс істеп, өндіріс көлемін кемітпегенін атап айтқымыз келеді.