Артқа

Eurasian Resources Group (ERG) астанаға коронавируспен күреске жәрдем ретінде 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті

20.03.2020

Eurasian Resources Group (ERG) астанаға коронавируспен күреске жәрдем ретінде 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті

Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты әрі қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін айқын сезіне отырып ERG елордадағы алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыруға 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Қазіргі таңда 60 мыңға жуық адамды еңбекпен қамтып отырған Еуразиялық Топ кәсіпорындарының басым бөлігі еліміздің төрт облысында, ал корпоративтік кеңсесі астанада орналасқан. Алайда, бас қала жабылып, күрделі жағдай орнаған тұста компания ортақ істен шет қалмай, карантин шараларын жүзеге асыруға қомақты қаражат бөліп отыр. Қаржы коронавирус пандемиясымен күрес және оның алдын алу шараларына жұмсалмақ.
 
Қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясының таралуына және оның компания қызметіне кері ықпал етуіне жол бермеу үшін Eurasian Resources Group (ERG) нақты шаралар жоспарын дайындағанын ертеректе хабарлаған болатынбыз (https://www.erg.kz/kk/news/1304).
 
Атап айтқанда, кәсіпорындардың өндірістік персоналы қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Баршаға ортақ орындар (тамақтану, тынығу бөлмелері мен  әжетханалар және т.с.с. өзге де бөлмелер)  мен қызметтік көліктерде күшейтілген дезинфекциялық тәртіп енгізілген. Әр екі сағат сайын ғимараттарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіліп, желдетіледі. Кәсіпорындардың қызметтік автобустары әр сапардан соң арнайы ерітіндімен өңделіп, тазартылуда.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы әкімшілік персонал қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілген болатын. 
Топтың барлық кәсіпорындары мен кеңселерінің қабырғаларына қолды антисептиктермен тазартуға арналған арнайы медициналық дозаторлар орнатылып жатыр. Барша кәсіпорын ғимараттарды залалсыздандыру, қызметкерлердің қолын тазартуға арналған қажетті ерітінділердің 1 айлық қорымен, жеке қорғаныс құралдары – маскалар, респираторлар және қолғаптармен толық қамтамасыз етілген.
Вахталық кенттердегі барлық жатақханаларда карантин жарияланған. Ғимараттарда әр екі сағат сайын міндетті түрде ылғалды тазарту жүргізіледі.
Сондай-ақ, барлық бұқаралық корпоративтік шаралар тегіс екінші жарты жылдыққа шегерілді.

Осы орайда, Еуразиялық Топ кәсіпорындары қалыпты тәртіппен тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап айтқымыз келеді. Өндіріс жоспарлары орындалып жатыр.