Артқа

Қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясының таралуына және оның компания қызметіне кері ықпал етуіне жол бермеу үшін Eurasian Resources Group (ERG) нақты шаралар жоспарын дайындады

17.03.2020

Қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясының таралуына және оның компания қызметіне кері ықпал етуіне жол бермеу үшін Eurasian Resources Group (ERG) нақты шаралар жоспарын дайындады

Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты әрі қызметкерлер, Топ кәсіпорындары орналасқан өңір тұрғындары алдындағы жоғары жауапкершілігін айқын сезіне отырып ERG вирустың таралуына жол бермеу үшін нақты шаралар жоспарын әзірледі.

– Еуразиялық Топ өз қызметкерлері мен бізге сенім артқандарға әрдайым ерекше көңіл бөліп, қамқор болуға талпынады. Сол себепті, вирустың біздің компания ішінде және өңірлерде таралуына жол бермеу жоспарын әзірледік, - деді Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов. – Бізге бәрінен де адамдардың денсаулығы қымбат, амандығы маңызды! Сондықтан қауіпсіздік компаниямыздың басты құндылықтары қатарында. Қызметкерлерге вирус туралы ақпарат беріп, оларды қорғай отырып, біз олардың қауіпсіз еңбек етуіне және қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға талпынамыз. Коронавирус пандемиясы – баршамыздың күш біріктіруімізді талап ететін ортақ қатер. Осы орайда Еуразиялық Топ қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға барынша күш салып отыр.

 Кәсіпорындар мен кеңселердің кіреберістеріндегі барлық өткізу бақылау қосындарында (ӨБҚ) күні бойы қызметкерлердің дене қызуы тексеріледі. Негізгі өткізу бақылау қосындарына орнату үшін өнеркәсіп тепловизорларын жеткізу жүріп жатыр. Бақылау өткізу қосынында қызметкерлерді одан ары зерттеу бөлмелері ашылып, тиісінше жабдықталады. Қызуы көтерілген қызметкерлер онда уақытша орналастырылып, тексеріле алады. Вирус жұқтыру сипаты байқалған жағдайда, олар жедел жәрдем көліктерін де осы арнайы орындарда күтпек.
Кәсіпорындардың өндірістік персоналы қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Баршаға ортақ орындар (тамақтану, тынығу бөлмелері мен  әжетханалар және т.с.с. өзге де бөлмелер)  мен қызметтік көліктерде күшейтілген дезинфекциялық тәртіп енгізілген. Әр екі сағат сайын ғимараттарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіліп, желдетіледі. Кәсіпорындардың қызметтік автобустары әр сапардан соң арнайы ерітіндімен өңделіп, тазартылуда.
Топтың барлық кәсіпорындары мен кеңселерінің қабырғаларына қолды антисептиктермен тазартуға арналған арнайы медициналық дозаторлар орнатылып жатыр. Барша кәсіпорын ғимараттарды залалсыздандыру, қызметкерлердің қолын тазартуға арналған қажетті ерітінділердің 1 айлық қорымен, жеке қорғаныс құралдары – маскалар, респираторлар және қолғаптармен толық қамтамасыз етілген.
Вахталық кенттердегі барлық жатақханаларда карантин жарияланған. Ғимараттарда әр екі сағат сайын міндетті түрде ылғалды тазарту жүргізіледі. Сондай-ақ, барлық бұқаралық корпоративтік шаралар тегіс екінші жарты жылдыққа шегерілді.

Қазіргі таңда әкімшілік персоналдың қашықтықтан жұмыс істеуіне сеп болар қамдау бағдарламалары тестілік тәртіпте сыналып жатыр. ІТ персонал да оқытылып, қашықтықтан сервистік қолдау көрсетуді меңгеруде. Жоспар коронавирус инфекциясының алдын алу мен қорғану тәсілдері туралы ұдайы ақпарат беріп отыруды да қамтиды.

Осы орайда, Еуразиялық Топ кәсіпорындары қалыпты тәртіппен тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап айтқымыз келеді. Өндіріс жоспарлары орындалып жатыр.