Назад

Дөң тау-кен байыту комбинаты ұңғыма жабдықтарын жаңартуда

20.02.2020

Дөң тау-кен байыту комбинаты ұңғыма жабдықтарын жаңартуда

ERG құрамындағы (Еуразиялық Топ) «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатына теңдессіз техникалар жеткізілді. Ұңғыма жұмыстары қажетті жаңа жабдықтар күрделі өндірістік процестерді механикаландырады, еңбек жағдайын жақсартып, жұмыс уақытын қысқартады. Бұл мақсатқа компания шамамен жарты миллиардтай қаржы бөлді. 

Бүгінде комбинат өндірісті автоматтандыру және жабдықты жаңғырту бағытындағы басым міндеттерді тиянақты шешуде. 2019 жылдың өзінде әлемнің үздік өндірушілерінен бірнеше заманауи техника сатып алынды.

– «Қазхром «ТҰК» АҚ-ның даму стратегиясы шикізат базасын кеңейтуді және өндірілетін кен көлемін одан әрі арттыруды көздейді, - деді «Қазхром «ТҰК» АҚ-ның техникалық мәселелер жөніндегі вице-президенті Азамат Бектібаев. – Алайда, компанияның ең негізгі басымдығы – бұл қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі. Сондықтан жаңа жабдықты алу кезінде жылдамдық пен көлем емес, бірінші кезекте кеншілерге қауіпсіз жағдайлар тудырып, қол еңбегін азайтады.

Дөң тау-кен байыту комбинаты кеншілеріне көмекке шведтің «Epiroc» компаниясы шығарған тік ұңғыма қазуға арналған «Robbins 53RH» комбайны әкелінді. Машина жер астында жұмыс істейді. Оның қуатты қозғалтқышы және ерекше дамыған мүмкіндіктері 400 метрден асады және диаметрі 1,5 метр жоғары жылдамдықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Биіктігі 40 метр тік ұңғыманы комбайн небары екі аптада жүріп өтуі мүмкін. Ал бұл жұмыс қолмен, бұрғылау аспабымен орындалғанда үш айдай уақыт қажет.

Жаңа техника өрлеме ұңғыма жұмыстары деп аталатын тік бұрғылауға қатысады.  Бұл желдетуге, кен өтуіне, сондай-ақ  шахта горизонттарын бір-бірімен байланыстыратын  баспалдақтар бойымен жұмысшылардың горизонттан горизонтқа өтуі үшін қажет. Оларсыз кенді өндіру, немесе кен өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу өндімейді. Дәл осы «жер асты дәліздері» арқылы көптеген қажетті жұмыстар –  материалды жеткізу, кенді жөнелту жүзеге асырылады. Қуатты гидравликалық агрегат өте оңай басқарылады - қашықтан басқару пульті бар, онда барлық мәліметтер көрсетілген, екі джойстик - бірі бұрғылауға, екіншісі – қозғалысқа арналған. Техника операторына қосымша күш салу қажет емес.

– 2020 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы» атындағы шахтада 1200 метр тік ұңғыма жасау жоспарланды – деді «Қазхром «ТҰК» АҚ тау-кен өндірісі қызметінің басшысы Нұрлан Саринжипов. – «Robbins» комбайнының іске қосылуы ұңғыма циклін толығымен механикаландырады.  Бұл  2020-2021 жылдардағы тау-кен жұмыстарын жүргізу дайындықтарына оң әсер етеді.

Дөң тау-кен байыту комбинатының екінші «Молодежная» шахтасына да «Boomer» атты жаңа өзі жүргіш бұрғылау жабдығы сатып алынды. Бұл техникамен шахтаның ұңғыма жұмыстары бұрынғыдан әлдейқайда шапшаң жүре бастайды әрі бұрғылау аспабын қолданбағандықтан шаң да азайды.

«Epiroc» компаниясы шығарған бұл техника ірі кенішті тау-кен жұмыстарының қималарында және қазіргі уақытта «Қазақ КСР-нің 40 жылдығы» карьерінің ұңғымаларында қолданылады. Жаңа технология бойынша жұмысты бастамас бұрын кеншілер арнайы дайындықтан өтті. Биылғы жылы дәл осындай шағын тиегішті бұрғылау жабдықтарын осы жылы басқа кеніштегі минус 175-ші горизонтының жаңа блогында күтеміз.