Артқа

ТБКБ-ның жұмыстан босатылған 20-дан астам қызметкері жаңа кәсіпорында жұмыспен қамтылды

12.02.2020

ТБКБ-ның жұмыстан босатылған 20-дан астам қызметкері  жаңа кәсіпорында жұмыспен қамтылды

«ARQALYQREMSERVIC» ЖШС – жөндеу кәсіпорны – бұл «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасының жұмыстан босатылған персоналын жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру аясында ERG қолдауымен әзірленген алғашқы бизнес жоба. Механикалық жабдықтарды жөндеу учаскесін (МЖЖУ) бұрын кәсіпорынның сатып алу жөніндегі менеджері қызметін атқарған Виктор Суворцев басқарады.  

Жұмыстан босатылатын ТБКБ персоналын еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету стратегиясын ERG 2017 жылы әзірлеген. Оны іске асыру аясында бастапқы кезеңде «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп скрининг, сонымен қатар Арқалық қаласында әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.

Бұдан әрі еңбекпен қамту бағытындағы қызметкерлердің жоспарлары мен тілектерін анықтау мақсатында жұмыскерлер арасында сауалнама жүргізілген. Жұмыстан босатылатын персоналдың бір бөлігін Еуразиялық Топ кәсіпорындары ішінде ауыстыру жоспарлануда. Олардың басым бөлігі енді КБКБ және ССКӨБ-те еңбек етпек. Арқалық қаласында еңбекпен қамтудың бірлескен іс-шаралар қарастырылуда. 

Компания бастамасымен жасалған сауалнама нәтижелері бойынша Виктор Суворцев «Бастау Бизнес» («Атамекен» КҰП) жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуды. Онымен бірге ТБКБ-ның тағы 17 қызметкері білігін шыңдаған. Олардың бесеуі өз бизнес-жоспарларын дайындады. Екі айлық оқудан кейін Виктор Суворцев өз әріптестерін жұмыспен қамтуды көздеп, МЖЖУ негізінде жөндеу кәсіпорнын құру жобасын қолға алды.

– Біздің аймақта көптеген шаруа қожалықтары бар. Олардың әрқайсысында арнайы техника бар, - дейді «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС директоры Виктор Суворцев. – Ал қажетті қосалқы бөлшектер облыс орталығында дайындалады немесе ресейлік Челябинск қаласынан әкелінеді. Бұл аграрлық қызметкерлерге қосымша шығындар тудырады. Габаритті техниканың тораптарын жөндеу және жасау қызметтеріне сұраныс жоғары екенін ескере отырып, мен өз идеямды толыққанды жобаға айналдырдым. ERG-ден үлкен қолдау тауып, бүгінгі күні 22 штаттық қызметкері бар «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС өз қызметін бастады. Адамдар үйреншікті жұмыс жағдайларын өзгертпестен жұмыс істейді. Мұнда «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның корпоративтік стандарттарына сәйкес өндірістегі еңбек жағдайларының барлық қауіпсіздіктері сақталды, - деді бизнесмен.

Токарьлар, слесарьлар, ұсталар, электриктер, учаске шеберлері – ТБКБ МЖЖУ жоғары білікті мамандары, ал бүгінгі күнде жаңа кәсіпорын ұжымы Виктор Борисовичтің бастамасына қолдау көрсетіп, соңынан ерді. «Қазақстан алюминийі» АҚ,  «ОГМПС Казпрофметалл» ҚБ және «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС арасында қол қойылған үшжақты меморандум аясында жұмыс ауыстырған қызметкерлерге сыйақысы бар еңбек төлемінің жағдайлары, зиянды жұмыс жағдайларында істеген жұмысы үшін үстемеақылар және 24 ай бойы бұрынғы дәрежедегі әлеуметтік кепілдіктер сақталатынын атап өткіміз келеді.

–  Жарты жыл ішінде МЖЖУ аутсорсингке беру бойынша еңбек көп жұмсалатын үдеріс жүргізілді. Бұл компаниядағы алғашқы пилоттық жоба ғой, - деді ТБКБ директоры Манарбек Нұрмаған. – Компанияның салық және заң қызметтері талдау жүргізді. Тәуекелдерге бағалау жүргізгеннен кейін, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен оны жалға берудің ең оңтайлы нұсқасы жүзеге асырылды. Үш жыл бойы бұл объекті жалға беріледі, содан кейін ғана кәсіпорын толық бақылау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі кезде ТБКБ және «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС арасында жалға беру шарты және сервистік қызмет көрсету туралы шарт жасалған. 

ТБКБ-ның жұмыстан босатылған персоналын жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру аясында алғашқы жобаны іске қосу – бұл жаңа жұмыс орындарын құру ғана емес, сонымен қатар ERG кәсіпорындары бар аймақта шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту.Топ корпоративтік құндылықтарды сақтай отырып, өзінің әлеуметтік жауапкершілігі шегінде осы бағытты әрі қарай дамытуды көздейді.