Назад

Павлодар алюминий зауытында №1 жентектеу пешінің бірінші электр сүзгісінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды

14.01.2020

Павлодар алюминий зауытында №1 жентектеу пешінің бірінші электр сүзгісінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды

Жентектеу цехының газ тазарту жабдығын кезең-кезеңмен ауыстыру жобасын іске асырудың бірінші маңызды мәресі еңсерілді. Бұл бірегей экологиялық бағдарлама – Еуразиялық Топтың атмосфераға шығарындыларды төмендету бойынша жаңа Стратегия аясындағы қадамдарының бірі. Оны іске асыруға компания 200 млн еуро жұмсайды.

Ауқымды жобаның бастапқы нүктесі 2018 жылы басталды, бұл жылы №1 пештің газ тазарту жүйесін жобалауға келісімшарт жасалған. Бірінші және екінші электр сүзгілерінің өнім жеткізушісін таңдағанда, компания нарықта өзін сенімді және тұрақты серіктес ретінде танытқан беделді ThyssenKrupp неміс фирмасына  артықшылық берді. Оның мамандары барлық есептерді жасап, жаңа электр сүзгілердің негізгі элементтерін жасап шығарды, сондай-ақ ескіні бөлшектеуге тікелей қатысты. Олардың алдында күрделі міндет тұрды – жаңа сүзгілер бұрыңғылардың орнынан мінсіз келетіндей етіп жаңа сүзгілерді құрастыру.

– ThyssenKrupp қойылған міндетті өте жақсы атқарды. Біз ескі сүзгінің габариттері бойынша дәл жобаланған сүзгіні алдық – жаңасы оның корпусына орнатылды. Бұл жоба бізді бірнеше қызықтырды. Атап айтқанда, тізбекті-параллель дегендей - №1 пештің газ тазартуын қайта құрудың әдеттегіден тыс тәсілі таңдалды. Пеш 50-пайыздық жүктемеде екінші сүзгімен жұмыс істеп тұрды, оған қатар бірінші сүзгіні ауыстыру жүгізілді. Бұл пешті тоқтатусыз ауқымды жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік берді, осылайша оны тоқтатпай, қайта құруға шығарумен байланысты шығындарды төмендетуге әкелді, - деп айтады «Алюминий Казахстана» АҚ сенімділік басқармасының сенімділік жөніндегі сенмділік инженері Игорь Молотков.

Жаңартылған электр сүзгінің басты ерекшелігі оның «гибридтылығында» - ол жартылай электр, жартылай-жеңдік. Бұл енді бүтін кешен, онда қосымша компрессорлық және сорғы станциясы орнатылған, шаң-тозаң камерасы газ тарату қорабы және салқын ауаның кіру жүйесімен жарақталған. Дүниежүзінде бұл «гибридті» технология өнеркәсіптік газ шығарындыларын шаңнан тазалау жоспарында озат болып есептеледі, сондықтан ПАЗ-да электр сүзгілерді ауыстыруды, ең алдымен маңызды табиғатты қорғау іс-шара ретінде бағалау қажет.

«Алюминий Казахстана» АҚ айтуынша, өнім жеткізуші үшін де, компания үшін де бұл эксперименттік пилоттық жоба. Сондықтан алғашқы күндерінен бастап оның іске асырылуын неміс мамандары, ERG жобалық компаниясының тәлімгерлері, авторлық және техникалық қадағалау сарапшылары көз жазбай бақылау жасауда. Жуық арада ПАЗ-да пайдаланушы және жөндеу пресоналына арналған оқу басталады. Оны өз бағдарламалары бойынша ThyssenKrupp мамандары жүргізеді – олар пайдалану сапасына өте жоғары талаптар қояды.

Жобаның келесі кезеңі №2 электр сүзгіні қайта құру болады, оның аяқталу мерзімі сәуір айы деп болжануда. Бұдан әрі №2 пештегі электр сүзгілерін жаңарту жоспары тұр. Ұзақ мерзімді бағдарлама аясында жалпы Павлодар алюминий зауытында барлық электр сүзгілерді қайта құру жоспарланған. Олардың барлығы шығарылатын түтін газдары құрамындағы ластаушы заттардың шоғырлану процесін басқару мен мониторинг жасаудың заманауи жүйелерімен автоматтандырылады.

Кәсіпорын экологтарының пікірінше, осы серпілісті әрі перспективалық жобаны іске асыру өндірістік көрсеткіштерді тұрақты деңгейде ұстап отырған жағдайда шаң шығарындыларын жылына 2376 тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді – жаңа жабдықтың тазалау тиімділігі шамамен 99,99% құрайды – және жалпы алғанда қаладағы атмосфералық ауаның күйіне жағымды әсер етеді. Компанияда атап өткендей, осы жобаға айтарлықтай қаражат салынған. Мәселен, алғашқы екі электр сүзгісін сатып алуға және монтаж жасауға «Алюминий Казахстана» АҚ-ның жалпы шығындары үш миллиард теңгеден асқан.