Назад

Алғадағы оңалту орталығына «Қазхром» компаниясы бірегей жаттығу құрылғысын сыйға тартты

04.12.2019

Алғадағы оңалту орталығына «Қазхром» компаниясы  бірегей жаттығу құрылғысын сыйға тартты

Ақтөбеге арнайы жаттығу құрылғысын реттеу мен қызметкерлерді оқыту үшін идея авторы, мәнерлеп сырғанаудан Эстония чемпионы Юхан Гросста арнайы келді.  
Құны 1 млн. теңгелік жабдық ERG мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы 2019 жылға арналған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында сатып алынды.

Ақтөбе облысындағы оңалту орталығына барлық өңірден балалар келеді. Мұнда жылына түрлі диагнозы бар 120 бала ем қабылдайды. Олардың көбі – сал ауруына шалдыққан балалар. Орталық мамандарының пікірінше, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға тап осындай арнайы жаттығу құрылғысы аса қажет болған. Сондықтан орталық ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром» компаниясының көмегіне жүгінген. 

– Біз бұндай өтінішті бей-жай қалдыра алмадық, - деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. – Бұл жаттығу құрылғысының арқасында бүлдіршіндердің алғашқы қадамдарын жасайтынына сеніміміз мол. Оңалту орталығы ең маңызды әрі қажет істерді атқарып келеді. Ал, ERG компаниясы маңызды мәселені шешуге тек септесті. Бүгін Гросстың құрылғысы арқылы жүз шақты баланың отырып, тұрып-жүруге жаңа мүмкіндіктері туды. Барлық балалар тезірек сауығып кетсін. Оларға күш-қуат пен денсаулық тілеймін.                  

Жаңа жаттығу құрылғысын алғаш іске қосу үшін оны ойлап тапқан Юхан Гросс Алғаға арнайы келді. Ол аппаратты қосып қана қоймай, алдағы уақытта осы құрылғымен жұмыс істейтін мамандарды оқытып-үйретуге де уақытын арнап келіпті. Мәнерлеп сырғанаудан Эстонияның төрт дүркін, қысқы виндчерфингтен әлемнің алты дүркін чемпионы бастапқыда бұл құрылғыны спортшылардың дайындалуы үшін әзірлеген. Кейін бұның сал ауруы, Даун синдромымен, ортопедиялық және неврологиялық патологиясы бар балалар үшін пайдалы әсері бары анықталды.             

 – Жатттығу құрылғысын мәнерлеп сырғанаушылар үшін жасаған едім. Сақтандыру жағдайында жұмыс істеген кезде балалар жаттығуларды тезірек үйреніп алатын,- деді Юхан Гросс. – Енді залда балалардың қимыл-қозғалыстарды үйренуге жаттығу құрылғысы бар. Сақтандыру жүйесі оларға көмектескен болатын. Мен Эстониядағы балалар клиникасының дәрігерімен сөйлесіп көргем. Менің сыныптасым болған педиатр –  сал ауруы, бесіктегі балаларда кездесетін қиындықтар туралы айтты. Мен массаж, гимнастика, жаттығулар жасауға көмектескім келді. Олар маған осының бәрін мамандар жасайды. Бірақ, бұл өкінішке орай көмектеспейді деген еді. Демек, бір жерден қате кетіп тұрғанын түсіндім. Сондықтан, мен өзімнің құрылғымды ұсындым. Біз арбаға танулы шарасыз қыз бала туралы деректі фильм түсірдік. Ондай қыз балаға құрылғыны кигіздік. Ол ақырындап қозғалып, қандай да бір өзгерістің барын аңғарып шаттана бастайды. Бір жылдан соң балақай аяғынан тұрып, біртіндеп велосипедке мініп, шаңғымен сырғанап, қуанышты сәттерде өзің бақытты сезінді. Енді сіздерде де осындай жаттығу құрылғысы бар. Мен сіздің мамандарыңызға онымен қалай жұмыс істеу керектігін үйретемін.                                     

Таныстырылымнан соң, Гросс өзінің құрылғысының қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Арнайы жабдықтың көмегімен мүгедектер арбасына танылған бала аяғына тұруға тырысты. Тіпті онымен бірге жұмыс істеген мамандарды таңқалдырды.      

– Біз үшін  бүгін – ерекше күн. Әлемге әйгілі Гросс құрылғысының бізде де болуын ұзақ күттік, - деп орталықтың педагогикалық түзету бөлімінің басшысы Рауан Сейіт өз ойымен бөлісті.    – Бүгін бізде де  керемет медицинаның бар екенін көрсету үшін басқа оңалту орталықтарының өкілдері шақырылды. Құрылғының керемет емдік мүмкіндігі бар. 90% жағдайда осы құрылғымен жаттыққан балалар өздері қозғала бастайды, 20%-да олар жүре бастайды, 80%-ында олар жүгіреді, тұрып, отырады. Әр екінші науқаста Гросстің әдісі эмоционалды және ауызша қарым-қатынасты белсенді етеді. Айтпақшы, бұл Ақтөбедегі осындай екінші жаттығу құрылғысы.