Назад

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 57 қызметкері баспаналы болды

27.11.2019

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 57 қызметкері  баспаналы болды

ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ 2019 жылғы баспана бағдарламасын ойдағыдай іске асырды. Нәтижесінде кәсіпорынның 57 қызметкері жабдықталған жайлы жаңа пәтер кілттерін алды.

«Шұбаркөл көмір» АҚ әлеуметтік бағдарлы кәсіпорын ретінде еңбек өтілі мол кеншілерді және бүгінде тапшы мамандықтарды меңгерген болашағы зор жастарға басымдық береді. Аумағы 41 бастап 94 м2 дейінгі пәтерлер Қарағанды қаласының халық тығыз орналасқан аудандарының біріндегі көп қабатты үйлерде орналасқан. Баспана  кейін сатып алу құқығымен, жалдамалы пәтер ретінде берілген.

Әрине, мен қоныс тойына қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Енді менде екі бөлмелі, жайлы, жөнделген пәтер бар, - деп өз әсерімен бөлісті «Шұбаркөл көмір» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының инженері Алексей Трещев. – Жаңа баспананы жеңілдетілген шарттамен алу, меніңше бұл «Шұбаркөл көмір» АҚ барлық қызметкерлеріне қосымша ынта береді. 

Айта кетейік, пәтерлер «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» серіктестігі аясында қосымша бөлінген. Сондай-ақ, «Шұбаркөл көмір» АҚ қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту жұмысы жалғаса бермек.

            – «Шұбаркөл көмір» АҚ – Қазақстандағы көмір өндіретін ірі кәсіпорындарының бірі. Еліміздің коммуналдық-тұрмыстық көмірге деген қажеттілігінің 30%-н қамтамасыз етіп отыр, – деді «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Рустам Ибрагимов. – Кәсіпорынды дамытып, біз жыл сайын тау-кен көлік жабдығын жаңартуға елеулі инвестициялар құйып келеміз. Өндірістік және технологиялық процесстерді жақсартамыз, оңтайландырамыз. Алайда, табысты қызметтің және дамытудың басты құрамдас бөлігі - адам ресурстары. Адамдарға деген қамқорлық, қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жасау және үнемі жақсарту «Шұбаркөл көмір» АҚ  үшін басым бағыты болып қала береді.

         Жалпы, ERG-дің Тұрғын үй бағдарламасы аясында Топ кәсіпорындарының қызметкерлеріне 2015-2018 жылдар арылығнда 702 пәтер бөлінді. Өзекті мемлекеттік бағдарламалар бойынша жаңа баспананы ұсыну жұмысы ERG барлық кәсіпорындарында жалғасуда.