Назад

Ақсу ферроқорытпа зауытында еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және технологиялық тәртіпті бұзушылықтарды енді мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркеп отыртын болды

25.11.2019

Ақсу ферроқорытпа зауытында еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және технологиялық тәртіпті бұзушылықтарды енді мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркеп отыртын болды

«Халықтық бақылау» жобасы – өндірісте жарақат алуды мүлдем болдырмауға бағытталған тағы бір қадам. Бүгінде ERG кәсіпорындарында тек еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қоса, әр жұмыс орнында қажет жағдайлар мен қауіпсіздіктің бірыңғай мәдениетін қалыптастыратын кешенді бағдарлама жүзеге асып жатыр. Бейнекамералар арқылы Ақсу ферроқорытпа зауытының өндірістік алаңдарында техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалайтын халықтық бақылаушылар бұл істі одан әрі күшейтуі керек.     

Бейнебақылаудың операторлары болып өндірістік жарақат салдарынан еңбекке араласа алмай қалған, кәсіби аурулармен ауыратын  кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері сайланды. Әзірге олар – бес адам. Штатты 15 адамға кеңейту жоспарлануда және кандидаттарды іріктеу жалғасуда. Олардың әрқайсысы үйде отырып, нақты уақыт режимінде өндіріс алаңдарындағы техникалық қауіпсіздіктің бұзылуын тіркейді.       

– Ұсыныс түскенде ойланбастан бірден келістім, - деді оператор Анатолий Недозоров. – Кәсіпорын барлық қажетті құралмен қамтыды, ыңғайлы ауысым графигім бар. Зауытта 30 жылдай қызмет еттім, барлығы маған таныс. Егер менің жаңа жұмысым біреуді қатерден сақтандырса, тек қана қуанышты болар едім.   

Бақылаушылар Қазақстан Республикасының заңнамамасына сәйкес кәсіпорын штатына алынып, барлық әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Оларға ыңғайлы жағдайлар жасалып, ноутбук, телефондар, роутерлер, интернет және телефон байланысы қамтамасыз етілді. Ауысым графигі – 4 сағаттан.

– Қызметкерлердің кез-келген қауіпті әрекеттері оқиғаның потенциалды себебі ретінде қарастырылады. Кәсіпорында бұны қатаң түрде бақылайды, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. – Бейнебақылау операторларының міндеті – әріптестерінің жұмысын бақылау, ал ереже бұзушылықтар болған жағдайда ақпаратты тиісті қызметтерге жеткізу. Олар өз кезегінде алдын-алу шараларын қабылдайды. Бұл жоба біздің компаниямыз үшін қауіпсіз өндіріс мәдениетін құруға арналған тағы бір қадам болады деп сенеміз. 

«Халықтық бақылау» жобасының келтірер пайдасын алғаш «Қазхром» «ТҰК» АҚ-ның тағы бір филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының мамандары бағалаған болатын. Бүгінгі күні мұнда 12 адам жұмыс істейді, олардың барлығы арнайы оқытылды.

Мамыр айында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомат Тоқаевтың Ақтөбе өңіріндегі сапары барысында жобаның тұсауы кесілген еді. Сол кездің өзінде мемлекет басшысы металлургтердің бастамасын жоғары бағалап, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ел үкіметіне ERG тәжірибесін республиканың басқа кәсіпорындарына тарату мәселесін пысықтап, елдің қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.