Назад

№8 энергоблогы күрделі жөнделіп Ақсу электр станциясының қуаты артты

07.11.2019

№8 энергоблогы күрделі жөнделіп Ақсу электр станциясының қуаты артты

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр станциясындағы қуаты 300 МВт №8 энергоблогын күрделі жөндеу жұмыстары рекордтық қысқа мерзімде аяқталды. Жұмысты бас мердігер ретінде «ERG Service» АҚ мамандары атқарып шыққан.

№8 энергоблоктағы жөндеу жұмыстары тамыздың 1-і басталған. Мамандар турбина мойынтіректерін, оттықтарды, қосалқы турбиналық және қазандық жабдықтарын, шаң өткізгіштерді, турбоагрегат пен қазандық агрегатының айналдыра қаптауын, сондай-ақ қазандық агрегатының қызу бетін алмастырды. Ақсу электр станциясында алғаш рет түйіспелерді монтаждау кезінде аргонды-доғалық дәнекерлеуді қолданды. Ең бастысы – күрделі жөндеу жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.

– Жөндеу науқанының мерзімін 36 тәулікке дейін қысқартуға қол жеткіздік, - деді «ERG Service» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Илья Тюльпин. – Бірқатар дұрыс қабылданған технологиялық шешімдердің арқасында жұмыстарды мерзімінен бұрын орындадық. Бұдан бөлек, жөндеу сапасын айтарлықтай арттырдық. Алғаш рет энергоблокты жөндеу кезінде жұмыстың бас мердігері – «ERG Service» АҚ мамандары ең жоғары жылу сыйымдылығы аймағын және сулы экономайзерді ауыстыру кезінде аргон ортасында дәнекерлеуді қолданды. Бұл монтаждық дәнекерлеу түйіспелерінің ақау пайызын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді: гидравликалық сынақтар жүргізгеннен кейін 1 360 түйіспенің тек төрт жігінде ғана ақау бар болып шықты. Егер № 3 энергоблокты жөндеу кезінде қолмен доғалы дәнекерлеуді пайдаланудан кейін өткен жылы 12% ақау табылса, қазір біз бұл санды 0,3%-ға дейін төмендеттік.

Энергоблоктар жыл сайын жөнделеді. Жазда «ЕЭК» АҚ тоқтатылған жабдықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүктемесін жоспарлы түрде төмендетеді. Бұл тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

– №8 энергоблокты жөндеу, атап айтқанда, қыздыру беттерін ауыстырудағы типтік емес жұмыс көлемі болашақта қазандықтардың корпустарындағы жоспардан тыс тоқтап қалуды қысқартуға мүмкіндік береді. Демек, біз сағатына бұрынғыдан тұрақты және одан да көп мегаватт бере аламыз, – деді «ЕЭК» АҚ сенімділік жөніндегі менеджері Дмитрий Савицкий.

«ЕЭК» АҚ электр станциясының қажетті қуат резервін, жабдықтың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қолдау, өндірістік сипаттамаларды және экологиялық параметрлерді жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда компания 1973 жылдан бастап пайдалануда тұрған Ақсу электр станциясының №5 энергоблогын қайта құру үшін ауқымды жобаны іске асыруда. Бұл энергия блогының қуатын 300-ден 325 МВт-қа дейін арттыруға, отын шығынын азайтуға, пайдалану шығындарын қысқартуға, сондай-ақ электр станциясы жұмысының техникалық-экономикалық, экологиялық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде іске қосу-жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңіне жақындады. Турбина минутына 3 000 айналым береді, генератор желіге қосылып, 150 МВт электр энергиясын өндіреді. Сондай-ақ, №7 энергоблокты қайта құру алдында жабдықты бөлшектеу жұмыстары басталды.