Назад

ERG құрамасы WorldSkills Hi-Tech- 2019 чемпионатында үш медаль жеңіп алды

06.11.2019

ERG құрамасы WorldSkills Hi-Tech- 2019 чемпионатында үш медаль жеңіп алды

WorldSkills стандарттары бойынша өткен ІІ Еуразия Ашық чемпонатына Қазақстан атынан ERG құрама командасы қатысқан болатын. Топтың 16 сарапшысы мен озық мамандары байқаудың 6 аталымында сынға түсті.

WorldSkills Hi-Tech – ірі кәсіпорындардың білікті мамандары арасында өтетін Ресейдегі ең ауқымды кәсіби шеберлік сайысы. ERG құрама команда аталған байрақты бәсекеге осымен үшінші мәрте қатысып отыр. Биыл оның сапында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ сынды алпауыттардың алдыңғы қатарлы мамандары топтасқан.

ERG құрамасы сапындағы алты сарапшы мен жеті маман «Дәнекерлеу технологиялары», «Зертханалық және химиялық талдау», «Магистралды байланыс желілері», «Талшықты-оптикалық беріліс желілерін салу мен пайдалану», «Өндірістік автоматика», «Электромонтаж» және «Еңбекті қорғау» құрізеттері мен аталымдарында озып шығып, үздік атануға талпынды. Нәтижесінде команда мүшелері үш қола жүлдені жеңіп алған.

– Байқау жоғары деңгейде өтті, – деді ССКӨБ электрослесарі Сергей Горняков. – Мен сынға түскен «Электромонтаж» аталымында жалпы саны 18 маман өзара сайыстық. Бірінші орынды Ресей командасы, екінші орынды Иран өкілдері еншілеп кетті. Мен үшінші орынды жеңіп алдым. Берілген тапсырманы тек мейілінше шапшаң емес, барынша сапалы атқарып шығуға қолымнан келгеннің бәрін салдым.

– Дайындығым байқауда лайықты деңгейде өнер көрсетуіме сеп болды, – деді Қазақстан электролиз зауытындағы орталық зауыт зертханасы сапаны бақылау бөлімінің бақылаудың химиялық әдістері жөніндегі инженері Динара Қабдрайысова. – Шынын айтсам, тапсырма ерекше күрделі екен. Мен үшін бұл бірінші кезекте тәжірибемді толықтырар сынақ болатын.

ERG өкілдері аталған Чемпионатқа қатысу Топ кәсіпорындары мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, жұмысшы мамандықтарының беделі мен тартымдылығын арттыратнын баса атап айтты.