Назад

Eurasian Resources Group 2020 жылғы қаңтардың 1-інен өндірістік құрылым қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатады

04.11.2019

Eurasian Resources Group 2020 жылғы қаңтардың 1-інен өндірістік құрылым қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатады

Қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, ERG 2020 жылы Қазақстандағы  қызметкерлерінің еңбекақысын кезекті мәрте жоғарылатпақ. Еңбекақы төлеу қорының мөлшерін ұлғайтуға қосымша 18 млрд теңге жұмсалады.

Шетелдік инвесторлар Кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіпорындардың кірісі артқан сайын, қызметкерлерге төленетін сыйақы мөлшерінің де сәйкес өсімін қамтамасыз ету қажет» деп атап тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жүктеген міндетті ойға ала отырып, ERG осы мәселені зерттеп, Қазақстандағы қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатуды ұйғарды. Еңбекақы мөлшерін қайта қарауда сараланған көзқарас ұстанып, қызметкердің біліктілігін, атқаратын ісінің күрделілігін, мамандықтың тапшылығы мен бәсекеге қабілеттілігін де ескеру көзделген. Еңбекақыны мөлшері тұтыну корзинасы құнын ескере отырып, максималды 18% жоғарыламақ.

– Биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Еуразиялық Топтың миссиясында: «Бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз етеміз» деп анық жазылған. Бірінші кезекте бұл әрине біздің қызметкелеріміз. Олар – компанияның басты құндылығы,- деді Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Тек соңғы 5 жылда Топ персоналды әлеуметтік қолдауға 908 млрд теңге қаражат бағыттаған.

Осы орайда, 2019 жылы компания өндірістік персоналының еңбекақысын орта есеппен 9-14% жоғарылатқанын айта кеткен абзал. Оған қоса, әлеуметтік бағдарлы компания қағидаларын сақтай отырып, Топ қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларын да жүзеге асыра береді. Бұл қатарда: медициналық қамсыздандыру, оқыту, демалыс үйлеріне жеңілдікпен жолдама беру, тұрғын үй бағдарламасы, жас мамандарды қаржылай қолдау және т.б. бар.