Назад

Қарағанды облысының жер қойнауын пайдаланушы ірі кәсіпорны – «Қазмарганец» кен басқармасы 15-жылдығын атап өтті

19.08.2019

Қарағандыда Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – «Қазмарганец» кен басқармасының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 15 жылдық мерейтойға орай ардагерлер, өндіріс өкілдері – кәсіптің үздік өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күні Достық үйінің залында кәсіпорынның 250-ден астам қызметкері, ардагерлер, серіктестер, компания басшылығы жиналды. Қонақтар үшін өңірдің үздік ұжымдарының өнер көрсетуімен айрықша шоу ұйымдастырылды.

«Қазмарганец» кен басқармасы аймақтың ірі жер қойнауын пайдаланушыларының бірі және барланған тотыққан марганец кендерінің қорлары бойынша отандық тау-кен металлургия саласындағы ең ірі болып табылады. Тауар өнімі – марганец концентраты ферроқорытпаларды өндіру үшін пайдаланылады. Негізгі тұтынушы – Ақсу ферроқорытпа зауыты. Кәсіпорын жылына 480 мың тонна марганец кенін өндіреді, Ақсу ферроқорытпа зауытына 165 мың тонна марганец концентратын жөнелтеді.

Қарағандыда кәсіпорын қызметкерлеріне оның мерейтойына орай құрмет көрсетілді. Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттары, корпоративтік және салалық марапаттарға 17 адам ие болды.

             – «Қазмарганец» ұжымы әрдайым ұйымшылдықпен және сапалы жұмыспен ерекшеленді. Осы он бес жылдың артында өз ісінің кәсіби мамандарының, үлкен өндірістік жетістіктерге бағытталған нағыз команданың қажырлы еңбегі бар. Жұмыс ауқымын түсіну үшін оның нәтижесіне көз салу жеткілікті. Қазақстан марганец кені қоры бойынша әлемде үшінші орында, ал қазақстандық марганецтің үшінші бөлігі бізде, «Қазхром» кәсіпорындарында өндіріледі, – деді  «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев.

            «Қазмарганец» кен басқармасы «Тур» кенішінің БелАЗ автокөлігі жүргізушісі Қадыртан Сағынбаев 17 жыл бойы кәсіпорында еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі 43 жыл. «Тур» кенішінің алғашқы қызметкерлерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын мерейтойына орай оны Еуразиялық Топтың «Ерен еңбеі үшін» белгісімен марапаттады.

             – Туған кәсіпорынның 15 жылдығын қарсы алып отырғаныма өте қуаныштымын, – дейді Қадыртан Сағынбаев. – Алғашында ен далада жұмыс жасап бастаған ауыр кездер әлі есімде. Вагонда тұрдық, суды тасымалдап, пеш жағып, тәулік бойы жұмыс жасадық. Барлық қиындықтарды бірге еңсеріп, кәсіпорын игілігі үшін бірлесе еңбек еттік.  Қазір мұнда көп нәрсе өзгерді. Біздің вахталық кентте барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазір кәсіпорын өңірдің ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі болып табылады, өндірісте және шығарылатын өнім сапасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуді жалғастыруда.

Мерейтойға «Қазмарганец» кен басқармасының 200-ге жуық қызметкері марапатталды.

Кешке жиналғандар сондай-ақ қазақстандық орындаушы Әли Оқаповтың өнерін тамашалады.