Назад

ERG-дің Конго Демократиялық Республикасында кобальт пен мыс өндіретін Metalkol RTR кәсіпорны «Таза кобальт» бағдарламасы аясындағы қызметінің нәтижелері туралы алғашқы Есебін жариялады.

14.08.2019

ERG-дің Конго Демократиялық Республикасында кобальт пен мыс өндіретін Metalkol RTR кәсіпорны «Таза кобальт» бағдарламасы аясындағы қызметінің нәтижелері туралы алғашқы Есебін жариялады.

Табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әртараптандырылған жетекші компания Eurasian Resources Group («ERG» немесе «Топ»), Конго Демократиялық Республикасында кобальт пен мыс өндіретін Metalkol RTR кәсіпорнының 2018 жылдан бері жүзеге асырыла бастаған «Таза кобальт» бағдарламасы аясындағы қызметінің нәтижелері туралы алғашқы Есебін жариялағанын хабарлайды.

Аталған бағдарлама жеткізілімдер тізбегін басқарудың ЭДЫҰ тұжырымдамаларын барша әлемде басшылыққа алумен шектелмей, бірқатар қосымша шаралар қарастырған. Ол Топ қолға алған кобальт өндірісін орнықты даму талаптарына сай етуді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың бір бөлігі әрі төмендегі 7 мақсатты қамтиды:  

Біз пайдалы қазбаларды жеткізу тізбегін жауапты басқаруда тиісті қырағылықты қамтамасыз ету үшін ЕДЫҰ әзірлеген басқару принциптерін ұстанамыз.
 Кобальт өндірісінде балалар еңбегін пайдаланбаймыз.
Біз өндірген кобальттің жеткізілім жолы түгел бақылауда.
Кобальт өндірісінде қол еңбегі немесе ықшам көлемді өндіріс көмегіне жүгінбейміз.
Біз қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарын атқарамыз.
Олардың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті қауымдастықтармен әріптесе жұмыс істейміз.
Біз кобальт өнеркәсібіндегі құн құрау тізбегінің орнықтылығын арттыруға септесеміз.

 

Кобальтті жауапты өндіру талаптарына сәйкес, ықпалдастықты басқару мен   ашықтықты қамтамасыз ету үшін Metalkol RTR кәсіпорны жыл сайын өзінің қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп тұру және оның тәуелсіз куәландырудан өтуін ұйымдастыру міндетін мойнына алған. Осы есепті жариялау Metalkol RTR  үшін аталған міндеттемелерді орындау жолындағы жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі.

Metalkol RTR қызметінің нәтижелері туралы жарияланған есеп тәуелсіз аудитор –  PwC компаниясымен куәландырылған. Осы орайда,  Eurasian Resources Groupтің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка: «Metalkol RTR үшін бұл кәсіпорынның дамып, өз қызметін ең жоғарғы әлемдік талаптарға сәйкес жүргізіп жатқанын дәлелдейтін маңызды оқиға. Біз және аккумуляторлы батареялар нарығына қажетті шикізат жеткізушілер тізбегіне қатысушылар үшін кобальттің жауапты өндірісінің кепілдігі болуы, орнықты даму саласындағы даму нәтижелеріне қол жеткізу үшін жергілікті қауымдастықтармен әріптестік те  маңызды»,- деп атап айтты.

Бұл «Таза кобальт» Бағдарламасындағы біздің мақсаттарымызда, біз үшін ерекше маңызы бар серіктестіктерде көрініс тапқан. Соның ішінде біздің тұтынушылармен және біздің өнімнің түпкі пайдаланушыларымен, «Қайырымды пастор» және Pact халықаралық қорлары сынды ұйымдармен әріптестік те де.  Біз тау-кен өндірісі саласындағы балалар еңбегін түбегейлі жоюға сеп болар бірқатар бастамаларды жүзеге асырып, кобальт өнеркәсібінде құн құрау тізбегін орнықты дамыту мен жауапкершілік принциптерін енгізуге талпынып отырмыз.

Metalkol RTR қызметінің нәтижелері туралы Есеппен төмендегі сілтемеден таныса аласыздар: