Назад

Еуразиялық Топтың жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың екінші кезеңі басталды

08.08.2019

Еуразиялық Топтың жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың екінші кезеңі басталды, оның барысында «Қазақстан Алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының құю-механикалық цехының персоналы «ERG Service» АҚ құрылымына ауыстырылды. Топтың жөндеу активтерін біріктірудің негізгі мақсаты техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесін дамыту және реформалау. Бұл Топ кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Екінші кезеңде 368 адам ауыстырылды. Алайда қызметкерлер мен жабдықтардың бір өндірістік алаңшадан екіншісіне көшкен жоқ. Керісінше, қызметкерлер кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында орналасқан аумағы бойынша Павлодар алюминий зауытында жұмысын жалғастыра береді.–  «Қазақстан Алюминийі» АҚ мен «ERG Service» АҚ басшылығы ҚМЦ ұжымына бірнеше рет таныстыру жиналыстарын, брифингтер өткізді - деді «ERG Service» АҚ бас директоры Сергей Ельчищев. – Сондай-ақ, әр қызметкерге еңбекақыны есептеу қағидаттары мен басқа жағдайлар анық көрсетілген, жұмысқа шақыру - «джоб офферлер» берілген. Осындай тәжірибені біз 2018 жылы «ЕЭК» АҚ ӨЖБ 1 000 астам қызметкерін ауыстыррғанда қолданған едік. Осы жоба сенімін ақтады және табысты жұмыс жасауда.– Өндірістік жөндеу бөлімшесі «ERG Service» АҚ-ның құрамына кіргеніне бір жылдан асты, - деп атап айтты қалауытты және оқшаулауды жөндеу телімінің бастығы Светлана Ворошилова. – Осы уақыт ішінде біз басшылық өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсететінін айта аламыз. Біз өз еңбекақымызды тұрақты түрде аламыз, «Еуразия» медициналық орталығында қызмет көрсету, санаторийлер мен демалыс үйлеріне жолдамаларды алу мүмкіндігі бар.  Яғни біз ауыстыру кезінде айырыламыз деп қорыққан жеңілдіктердің көбі – өзгеріссіз қалды.

«ERG Service» АҚ Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының барлық жөндеу құрылымын біріктіру үшін 2015 жылы құрылған. Топ кәсіпорындарының техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін біріктіру жолындағы келесі қадамы ағымдағы жылдың аяғына дейін ERG Service құрамына Қостанай облысының Рудный қ. «ССКӨБ» АҚ жөндеу-механикалық зауытты (ЖМЗ) және металл илемдейтін зауытты енгізу болады.