Назад

Қажетті маманды онлайн іздеу

31.07.2019

Еуразиялық Топ job.erg.kz бос жұмыс орындары порталын іске қосты. Сайтта ERG-дің Қазақстандағы 14 елді мекенде орналасқан кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат жарияланған.

 job.erg.kz порталы Еуразиялық Топтағы барлық өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпаратты түгел топтастырып, жұмысқа орналасуға үміткерлерді іріктеуді барынша ашық әрі жариялы етпек. Қазіргі таңда порталда Еуразиялық Топтың құрамындағы 19 кәсіпорын мен құрылымның, соның ішінде Басқарушы компания – «Еуразиялық Топ» ЖШС мен ERG-дің ғылыми-зерттеу  инжиниринг орталығындағы бос орындар туралы да ақпарат жарияланған.

 Портал кандидаттарды онлайн іріктеуді көздейді. Жарияланған әр бос орынға қатысты кейін арнайы статистика: жолданған түйіндемелер саны, іріктеуден өткендер саны жарияланады.

– Еуразиялық Топ қызметінің бар саласын, әсіресе өзінің кадрлық саясатын барынша ашық жүргізуге талпынады. Біз әр салада жоғарыбілікті мамандарды жұмысқа тартып, рекрутинг процесін барынша түсінікті әрі кез-келген адамға қолжетімді етуге тырыстық, – деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Инна Губарева. Осылайша, ендігі жерде ERG-дегі өзі қалаған қызметке Қазақстанның, тіпті әлемнің кез-келген жеріндегі адам талпынып, іріктеуге қатыса алады. 

 Түйіндемесін жолдау үшін үміткер электронды поштасы мен жеке мәліметтерін көрсетіп, берілген түйіндеме үлгісін толтырып, порталға тіркелуі қажет. Осы істің әр кезеңінде үміткерді тұғырнаманың менеджерлері сүйемелдеп, туындаған кез-келген техникалық сауалдарына қатысты көмек көрсетуге әзір.

Порталда қолданушыға ыңғайлы болуы үшін кәсіпорындар, қалалар мен қызмет бағыты бойынша сүзгілер де қойылған. Маусым мен шілде айларында тестілік тәртіпте жұмыс істеген портал күнделікті бос орындар базасымен толықтырылып отырады.